Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияның федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездесті. - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияның федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездесті.

Келіссөздер барысында екіжақты экономикалық қарым-қатынасты жандандыру мәселелері, сондай-ақ Украинаның шығысындағы ахуалды Украина, Ресей, Германия және Франция басшыларының таяуда Астанада өтуі ықтимал кездесуі аясында реттеу шаралары талқыланды.

Екі мемлекеттің көшбасшылары Минск уағдаластығын қатысушы тараптардың мүлтіксіз жүзеге асыруы қажеттігін, мұның тезірек бейбіт реттеуге және сенімді нығайтуға септігін тигізетінін атап айтты.
Тараптар екі ел арасында белсенді әрі сындарлы саяси диалог орнағанына тоқталды, сондай-ақ, 2012 жылы ақпанда қол қойылған Қазақстан мен Германияның шикізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы серіктестік туралы үкіметаралық келісімін нақты іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, инновациялық-инвестициялық ынтымақтастық аясын кеңейтудің бірқатар аспектілері және Астанада өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысы қарастырылды.

* * *

Елбасының Германияның федералдық сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесуі былтыр қарашада Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында болған әңгіменің жалғасы ретінде өтті.

Келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынастың басым тұстары мен Украинаның шығысындағы ахуалды реттеу шаралары талқыланды. Украина мен Ресей Президенттерінің таяуда ГФР  канцлері А.Меркель және Франция Президенті Ф.Олландтың қатысуымен өтуі ықтимал екіжақты кездесуінің бірқатар алғышарттары жөнінде ба-йыпты пікір алмасылды.
Тараптар сондай-ақ, сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы болашағы бар жобалар мен екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылы туралы да сөз қозғады. Германия федералдық сыртқы істер министрі екіжақты экономикалық қатынастар оң қарқында дамып келе жатқанына тоқтала отырып, Қазақстанның Орталық Азиядағы «тұрақтылық тұтқасы» болып саналатынын баса айтты.

* * *
 
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары Украинада қалыптасқан жағдайды талқылап, оны бейбіт реттеу үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар