Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мұны ерлік десек артық емес - АРҚА АЖАРЫ

Мұны ерлік десек артық емес

«Маған аспанды көрсетші… менің үйіме апаратын жол қайсы? Мына жарық дүниеде отбасыммен, маған қамқор болатын ата-анаммен бақытты болуыма көмектесші…» Бұл тілектерді көбіне жетімдер үйіне тап болған балалардың көзінен ұғуға болады» деп жазады өзінің кітабында Кенесары ауылының тұрғыны Мұрат Қабылбаев.

Қатал тағдырдың жазуымен жетімдер үйін пана еткен балаларды асырап алған Мұрат Қабылбаев  осылай дейді. Ол «Алтын жүрек» сыйлығының иегері.  Бүгінде он бір бала тәрбиелеуде, олардың біреуі ғана өзінің туған баласы. Оның «Әке күнделігі» атты кітабін бүгінде мыңдаған адамдар оқып шықты. Тіпті, Америка, Австрия, Англия елдерінің азаматтары хабарласып, ақылдасып отырады.  
Ол ойдан ештеңе құраған жоқ, өмірде шынайы басынан өткерген оқиғаларын жазды. Асыранды балаларына өтірік айтуды, жаман әдеттерді ұмыттырғаны, түсінде жетімдер үйін көріп, шошына айқайлайтын асыранды баласының бұл әдетін қойдырғаны жайында айтылған. «Мені балалар үйіне қайтадан апармашы, мен осында қалғым келеді» деген баланың сөздері жаныңды ауыртады. Олар қаншама? Мыңнан асады. Өзінің туған бұрышын таба алмай жүрген осындай қаншама тағдырлар бар. Олардың біразында тіпті, ақыл-кеңес алатын жақын адамдары жоқ» делінген кітапта.
Мұрат дін жолындағы адам. 15 жыл имам болған. Үйленген соң біраз жыл бойы бала сүйе алмай, жетімдер үйінен бала асырап алуды ойлайды. Тоғыз жыл өткен соң, оның шаңырағында қуанышты жағдай болып, дүниеге ер бала келеді. Есімін Ибраһим деп қояды. Бір жылдан кейін бұрыннан ойында жүрген жетімдер үйінен бала асырап алуға келеді. Адель, Темірлан, Төлеген, Болат, тағы да жарты жылдан кейін Коля, Оксана, Маша есімді жетім балаларды бауырларына басады. Анастасия, Әмре, Фатих есімді балалар да осы отбасының жылы ұясына келіп түседі. Олар жетімдер үйінен қандай да бір отбасылардың асырап алатындығына мүлде мүмкіндік болмайды-ау деген балаларды алып, бауырларына басқан. Балалардың шыққан тегіне, ұлтына қарамайды, мейлі ол орыс, қазақ, украин, түрік, аралас ұлтты болса да қамқорлығына алған. Балаларының бәрі де қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген.  Татулығы мен сыйластығы жарасқан отбасы қате түсініктер мен таптаурындарды бұзып келеді. Ол өз күнделігінде: «алкогольге тәуелді болу сияқты әлеуметтік сипаттар, зиянды әдеттерді балалар ата-аналарынан қан арқылы алмайды, өкіл әке-шеше асырап алған баласы үшін үлгі болатындығын ұмытпаулары тиіс. Балалар кішкентай сорғыш құрал тәріздес. Олар бірге тұратын ата-аналарынан көрген, естіген дүниелерін түгел көшіріп отырады. Көбінесе, ата-аналары сияқты болғылары келеді»  дейді.
Мұрат Қабылбаев өткен жылы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «BI Group» ұйымдастырған «Қазақстанның лайықты азаматы» жобасының көшбасшысы болып танылды.  

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар