Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Талантты дирижер, дарынды домбырашы - АРҚА АЖАРЫ

Талантты дирижер, дарынды домбырашы

Ақмола облыстық филармониясында «Көкшетау – тал бесігім» IV музыкалық фестивалі аясында өткен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының дирижері, жерлесіміз Руслан Баймурзиннің концерті  көпшілік көңілінен шықты.

 

1986 жылы сұлу Көкше жерінде дүние есігін ашқан Руслан Баймурзиннің есімі қазіргі таңда елімізде ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де жыға таныс. Өрнекті өлкеде туған баланың жан дүниесі де көркем болмауы әсте мүмкін емес екендігін оның шығармашылық кешінде ұғындық. Руслан өнер жолының алғашқы баспалдағы Көкшетау қаласының музыка мектебінен бастау алған ұлттық аспабымыз домбыраның қасиетін бала жасынан бастап ұғып, күмбірлі күй шертуді үйренген.
Жастайынан музыкаға  машық болып,  7 сынып оқып жүргенінде Алматы қаласындағы А.Жұбанов атындағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатына оқуға түскен. Осылайша Оңтүстік астанамызда Русланның шығармашылық қарым-қабілеті одан әрі дами түсіп, музыка әлеміне терең бойлай бас-
тайды. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына «Опера және симфониялық дирижер», 2009 жылы опера және симфониялық дирижерлік мамандығы бойынша Қазақ ұлттық музыка академиясында және өзге де білім ошақтарында әр жылдары білімін толықтырып отырған. Бұл дирижердің шығармашылық  биігінің басы ғана. Оның әлі де алар белесі мен шығар асқары алда. Ал, осы жылдар аралығында Алматы қаласында өткен Н.Тілендиев атындағы екінші республикалық дирижерлер байқауында жүлделі екінші орынды иеленіп, лауреат атанған. 2013 жылы «Дирижерлеу»  номинациясы бойынша Астана қаласында ұйымдастырылған «Өз елім» III республикалық фестивалінде Бас жүлдемен марапатталды. Астана қаласының әкімінің кубогы берілген.
Руслан өзінің шығармашылық кешінде сан қырлы талант иесі екендігін көрсетті. Кешегі Құрманғазы, Тәттімбет, Диналардың күй әлемінде салып кеткен сара жолын жалғастырып келе жатқан  домбырашы ретінде өзін көрсете білді. Концертте қазақ даласының мұңы мен қуанышынан сыр шерткен күйлер орындалып, көрермендерді сүйсінтіп, толғандырды. Сондай-ақ, К. Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Арман Жүдебаев, Астана қаласының мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрінің бас дирижері Ернар Нұртазин, республикалық дирижерлер байқауының лауреаты Әділет Азбаев та әріптестері Руслан Баймурзинді шығармашылық кешімен құттықтап, өз өнерлерін ортаға салды. Облыстық  мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева кештің қадірлі қонағы болып, Русланның шығармашылығына шабыт тілеп, ақжарма тілегін арнап, өнер фестиваліне атсалысқан бірқатар талант иелеріне басқарма атынан Алғыс хаттар табыс етті.
Сазгер Әсет Бейсеуовтің  әндерін  өнерпаздар мен көрермендердің бірге қосылып шырқауы кештің ажарын аша түсті.  Бұдан бөлек қылқобызда халық күйі «Қасқырды» орындаған қобызшылардың орындау шеберліктері тәнті етті. Осылайша ән мен күйден шашу шашқан кеш көкшетаулықтарды бір серпілтіп тастады.

Назгүл Рабилова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар