Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Апатқа қарсы тұрғандар - АРҚА АЖАРЫ

Апатқа қарсы тұрғандар

Облыс орталығында Чернобыль апатының 31 жылдығына арналған шара өткен жылы осы апатты тоқтатушыларға орнатылған ашылған  ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова сол тұстағы Кеңес Одағының халқына зор қасірет әкелген мұндай апат енді ешқашан қайталанбасын дей келе, оның салдарын жоюға қатысып, өздерінің денсаулықтары мен өмірлерін қатерге байлаған ардагерлерге деген ақ тілегін білдірді. Бүгінде Көкшетау қаласында осы жойқын апат салдарын жоюға қатысқан 115 ардагер бар. Чернобыль ардагерлері кеңесінің төрағасы Марат Жетеров те әріптес достарына деген жылы лебізі мен ақ тілегін ақтарыла айтты. Осыдан кейін ардагерлер ескерткішке гүл шоқтарын қойып, естелік суретке түсті.
Бұдан кейін осы шара жастар ресурстық орталығында жалғасты. Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Андрей Подгурский мен қалалық қорғаныс бөлімінің басшысы Руслан Әміржанов Чернобыль апаты салдарын жоюға қатысқандарға деген игі тілектерін білдіріп, қиын сәтте денсаулықтары мен өмірлеріне төнген қатерге қарамастан, өз міндеттерін адал орындаған азаматтардың ісі жастарға үлгі-өнеге екендігін атап өтті. Шара барысында бір топ ардагер қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Олардың арасында Болатхан Мұқаев, Иван Тышкевич, Серік Төлегенов, тағы басқалары бар. Тағылымды  шараның соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Қалкөз Жүсіп.

Суреттерді түсірген Вячеслав ГУБАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар