Егін алқабында – болашақ механизаторлар

Орақ — 2026

Биылғы егін жинау науқанына Есіл қаласының агротехникалық колледжінің студенттері де белсенді қатысуда. Болашақ  механизаторлар ауданындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтіп, өз білімдерін шыңдап жатыр.

Есілдік студенттер колледжде алған теориялық білімдерін нақты өндіріс жағдайында қолданып, кәсіби дағдыларын жетілдіруде. Олар «Ақсай», «Тней-Агро», «Шаңырақ Р», «Компания «Орион плюс», «СХП Ғарыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде және басқа да агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарында еңбек етуде.

Агротехникалық колледждің директоры Мейірбек Мұқатаевтың айтуынша, егін жинау науқаны кезіндегі тәжірибе «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер үшін аса маңызды.

– Өндірістік тәжірибе барысында білім алушылар заманауи ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын меңгеріп, техниканы пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету дағдыларын үйренеді. Сонымен қатар, командада жұмыс істеуге, еңбек тәртібін сақтауға және атқарған жұмысының нәтижесіне жауапкершілікпен қарауға дағдыланады, – дейді  колледж директоры.

Өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттерге жұмыс істеп жатқан серіктестіктері тарапынан еңбекақы да қарастырылған. Яғни, әр студент атқарған жұмысына байланысты 300-500 мың теңге аралығында табыс табады.

Осылайша, болашақ мамандар кәсіби тәжірибе жинақтап қана қоймай, табыс табуға да мүмкіндік алып отыр. Мұндай өндірістік тәжірибе студенттердің таңдаған мамандығына деген қызығушылығын одан әрі арттырып, еңбек нарығына да бейімделуге оң ықпалын тигізеді.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар