Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Оқу бітірген маманның біразы жұмыссыз - АРҚА АЖАРЫ

Оқу бітірген маманның біразы жұмыссыз

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының білім саласы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған мәжілісте осы тұрғыдағы өзекті мәселелер сөз болды.
Облыстық мәслихаттың депутаты Әсен Жақсылықовтың төрағалығымен өткен мәжіліске партияның облыстық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қатысып, сөз сөйледі.
Алдымен, қазіргі заманғы жоғары білім беру саласының маңызды мәселелері мен болашағы жайында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры Айгүл Жақыпова, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев және Көкшетау гуманитарлық-техникалық академиясының ректоры Әбілмәжін Аюпов баяндады.
Айгүл Жақыпованың айтуынша, мемлекеттік гранттар мен несиелер арқылы оқыту студенттерге қалаған жоғары оқу орнында оқуларына мүмкіндік береді. Бұның жағымды жағымен бірге залалды тұстары да бар. Жастардың көбі Алматы мен Астананың жоғары оқу орындарына баруды қалайды да, аймақтық жоғары оқу орындары бұдан ұтылады. Яғни, оларға келетін студенттер қатары азайып, осыған орай жұмыс ауқымы қысқарады. Мәселен, соңғы онжылдықта Астана мен Алматының жоғары оқу орындарының студенттер саны 3-4 есеге дейін көбейген. Аудиториялық орын мен жатақхананың, оқытушы мамандардың жетіспеушілігіне орай, астаналық оқу орындары қабылдау санын шектеуге мәжбүр болуда. Ал, аймақтық оқу орындарында керісінше, студенттер саны жетіспейді. Осылайша аймақтық жоғары оқу орындары ақырындап құлдырап, жойылу қарсаңында. Бұның аймақтар үшін тағы бір залалды жағы, Астана мен Алматыда білім алған студенттер оқу бітірген соң туған жерлеріне оралмай, орталықта қалуға тырысады. Бұл өз кезегінде аймақтардағы мамандардың жетіспеушілігін тудыруда.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жұмыстарын қазіргі заман талабына сай құру бағытында біраз шаруалар атқаруда. Соның бірі ретінде шет ел, оның ішінде ағылшын тілінде оқытатын мамандар  мен қазір аса қажет болып отырған туризм және мектепке дейінгі тәрбие саласындағы мамандар даярлауды жолға қоюды атап өтуге болады.
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры М.Елубаев қазіргі күнгі жоғары білім беру бағытындағы атқарылып жатқан істер жайында жан-жақты айтып берді. Елімізде 2016-2019  жылдарға арналған жоғары оқу орындарын дамыту бағдарламасының басты мақсаты бәсекелестікке қабілетті білікті мамандар даярлауды жолға қою. Бұл үшін жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу, ІТ технология мен адам капиталын дамыту бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Отандық жоғары оқу орындары халықаралық талаптарға орай өз жұмыстарын қайта құруда.  Болон шартына қосылу осы бағытта жасалған маңызды қадам. Оның басты мақсаты мамандар даярлау сапасын арттырып, олардың өз мамандықтарына сай жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, халықаралық бәсекелестікке жауап беретін білікті мамандар даярлау болып табылады.
Көкшетау гуманитарлық-техникалық академиясының ректоры Әбілмәжін Аюпов құрылғанына ширек ғасыр болған аталмыш оқу орнындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен кездесіп отырған өзекті мәселелер туралы айтты. Осы кезең ішінде оқу орны алты мыңнан астам жоғары білімді маман даярлаған екен. Олар бүгінде еліміздің әр өңірінде, әртүрлі салада жемісті еңбек етіп жүр. Дегенмен, кездесіп отырған қиындықтар да жоқ емес. Солардың ең бастысы, студенттер қатарының біршама азаюы. Оның өзіндік себептері бар. Ең алдымен, бұл оқуға түсуге қажетті біркелкі ұлттық тестілеудің төменгі балы шегін жоғарылатуға, кешенді тестілеудің енгізілуіне байланысты болып отыр.  Мәжілісте сондай-ақ, арнайы орта білім беретін оқу орындарын бітірген мамандарды жұмысқа орналастырудың проблемалары да сөз болды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазовтың айтуынша, облысымызда бүгінгі күні 39 колледж болса, олардың 9-ы жекеменшік те, қалғандары мемлекет иелігінде. Осы оқу орындарында  94 мамандық бойынша 21 мыңдай оқушы білім алуда.  Өткен жылы колледж бітірген 6784 оқушының  5075-і өз мамандықтарына сай жұмысқа орналасқан. Бұл  74,8 па-йызды құрайды. Жалпы, орта буынды оқу орындарын бітірушілерді жұмысқа орналастыру жайы біршама дұрыс шешілген деуге болады.
Көкшетау жоғары колледжінің директоры Ақнұр Есләмова және Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Күнсұлу Құсайынова өздері басқаратын оқу орындарындағы маман даярлау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстары жайында айтып берді.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов жоғары білім беру бағытында орын алып отырған кейбір  түйткілді мәселелер алдағы уақытта партия белсенділерінің қатысуымен өтетін мәжілісте арнайы талқыланатынын атап өтті.

Қалкөз Жүсіп.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар