Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабай көрмеге келетін туристерді қарсы алады - АРҚА АЖАРЫ

Бурабай көрмеге келетін туристерді қарсы алады

«ЕХРО – 2017»  халықаралық мамандандырылған көрмесінің бас-талуына аз уақыт қалды.  «Қазақстанның  Швейцариясы» атанған  көрікті Бурабай аймағы да  көрмеге келетін туристерді қарсы алатыны аян.  Бүкіл дүниежүзі көз тігіп отырған  көрмені абыроймен өткізуге қаншалықты дайынбыз? Осы мәселелер  Бурабайда  өткен отырыста кеңінен сөз болды.

Отырысты облыс әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков ашып, жүргізіп отырды.  Аудан әкімі Төлеген Тәшмағамбетов халықаралық көрмеге дайындық жоспарлы түрде жүріп жатқандығын  жеткізді.  Курорттық аймақтың инфақұрылымы   154 нысанды құрайды. Оның 45-сі  шипажай болса, 14-і балаларға арналған сауықтыру  орталықтары. Ал,  109  орын туристерді орналастыруға арналған.
«Rixos Borovoe», «Көкшетау» паркі отелі, «Нұрсәт», «Әлем+» және «Береке»  қонақ үйлері мен  демалыс  үйлерінде шетелдік меймандар тұратын болады.   Сонымен қатар,  жолдарды жөндеу  жұмысы  да басталған.  Ал, Щучинск қаласының педагогикалық колледжінде экскурсоводтарды даярлайтын   арнайы  курс  ашылған.  Себебі, шетелдік меймандарға  Бурабайдың  әсем табиғатын көрсетіп қана қоймай,  қазақ халқының  салт-дәстүрін, тарихы мен аңыз әңгімелерін жеткізу,  «Этно-ауыл» мәдени-туристік кешенін тамашалату  үшін  олар қазақ, орыс тілдерімен қоса, ағылшын тілін  жетік  біліп,  туристермен еркін тілдесе алатындай деңгейде болуы қажет.  Сондықтан да, экскурсоводтардың қарым-қабілетін арттыру үшін бірсыпыра жұмыстар қолға алынған және   көрмеге  дайындық жұмыстарын бақылайтын  шұғыл штаб та  құрылған екен.  Ең басты талап – меймандарды дүниежүзілік стандарттарға сәйкес қарсы алып, шығарып салу. Осы орайда, белгіленген мекен-жайлары үш тілде жазылмаған  әртүрлі нысана басшыларына аудандық әкімдік тарапынан хат жіберілген.  Сондай-ақ, табиғат  мұражайына  80-ге жуық  жан-жануарлар  әкелінген.
 «Бурабай қазірдің өзінде Қазақстанның рәмізіне айналды. Елорданың қасында орналасқандықтан, жақсы автомагистраль бар болғандықтан, соңғы уақытта туристер саны артуда. Жыл бойғы демалыс үшін барлық мүмкіндік жасалуда. Велосипедпен және жаяу серуен жолдары ашылды, қыста шанамен сырғанап, атқа мінуге, шаңғы тебуге болады. Мұнда ірі халықаралық іс-шаралар өткізуге мүмкіндіктер бар. Мысалға, шетелдік инвесторлар кеңесі болғанда Бурабайда барша әлемнің жетекші бизнесмендері бас қосты. Әрине, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келген қонақтар үшін де Бурабайға дейін бағыт ұйымдастырылатын болады. Курорттық аймақ көптеген туристерді тартады, ең бастысы – олар үшін барлық қажетті жағдайларды жасау керек», – деп атап көрсеткен Елбасы көрікті өлкенің инфрақұрылымы дамыған сайын  аты да әлемге таныла беретіндігін айтқан болатын.
 «Сырт көз – сыншы» дегендей, шет  мемлекеттерден жиналған меймандарымызды жақсы күтіп, олардың бойында еліміз туралы жақсы әсер қалдыру үшін әр адам өзіне жүктелген жұмысты аса жауапкершілікпен орындау тиістігін  облыс әкімінің орынбасары да қадай айтты. Облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов Жақсы,  Жарқайың аудандары мен Степногорск қаласының тұрғындары  көрме  билеттерін сатып  алуда   белсенділік танытып жатқандығын тілге тиек етті.  «Атамекен» этнографиялық орталығында туристер қазақ халқының өткен тарихымен танысып, көшпенділердің мәдениетін жақынырақ білетін болады. Ақкөл, Бұланды, Сандықтау, Қорғалжын, Зеренді және Ерейментау аудандарына да саяхат жасап, осы өңірлер жөнінде кеңірек мағлұмат алады.

Назгүл Рабилова.

 Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар