Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қынжылып-қынжылып қоясың - АРҚА АЖАРЫ

Қынжылып-қынжылып қоясың

Мемлекеттік тілдің тазалығы  айта-айта жауыр болғалы қашан. Бірақ, көбіне баяғы жартас бір жартас.

  Бұған шет мемлекеттерден келетін өнімдердің сыртқы жапсырмаларындағы қателерді былай қойғанда, өзіміздің жергілікті жерлерде шығарылып жатқан өнімдердің қораптары мен қалбырларындағы жылдар бойы түзетілмей келе жатқан қателерді көзің шалғанда тіпті, қынжыласың. Осы бір шаруамен ешкімнің ісі жоқтай.
Айталық, облыс орталығының тап іргесінде орналасқан Садовый сүт зауытының мына қалбыршасында қазақ тіліндегі «Тәуелсіздік» сөзі көптен бері «Тауелсиздик» деп бұрмаланып жазылып келеді. Тілімізді, қасиетті ұғымымызды қорлаған осы жауапсыздықтың өзі біздей қарапайым адамдардың жанына батса да, тиісті ұйымдар елеп-ескеретін емес. Ондағы адамдар да дүкеннен осы қаймақты алып, жейтін шығар. Бірақ, сыртындағы осы жазуға неге назар аудармайды?!. Мені ренжітетіні осы. Мүмкін, редакцияға жолдаған осы хатымнан кейін бұл сөз түзетілер…

Тәнзия ЕЛЕМЕСОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар