Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мұрағат құжаттары дұрыс сақталсын - АРҚА АЖАРЫ

Мұрағат құжаттары дұрыс сақталсын

Облыс орталығындағы бірқатар  мекеме мамандарымен ведомстволық мұрағаттардың жұмысын дұрыс жолға қою жөнінде мәжіліс өткізілді.

  Оны мұрағатшы Татьяна Лушина өткізді.  Көп мекемелерде құжаттар  тиісті ережелер бойынша сақталмайды. Құжаттардың бөлмеде тұрып қалуы, ескі құжаттардың кей жағдайларда күннің көзіне қарама-қарсы қойылуы және олардың дұрыс толтырылмауы сынды мәселелер көптеп кездесуде. Сол себепті, мұрағатшы мекеме мамандарын құжаттарға салғырт қарамауға шақырды.
Ең алдымен, мамандар ескеруге қажетті ережелердің бірі –  құжаттардың  қауіпсіз, таза және құрғақ жерде сақталуы, оларды шаң-тозаңнан үнемі тазартып отыру қажет, арнайы қораптарға салу керек. Өкінішке орай, осындай қарапайым ережелерді мекеме қызметкерлері ескермегендіктен, құжаттарды облыстық мұрағат қорына тапсырар уақытта  қиындықтар туып жатады.
 Келеңсіз жағдайлардың орын алмауы үшін әр маман өз жұмысына жауапкершілікпен қарағаны абзал. Өйткені, мұрағат – кешегі тарихтан сыр шертіп қана қоймайды, сонымен қатар, адамдардың  тағдырын да шешетін кездері көп кездеседі. Сондықтан, әр құжатты қарапайым  қағаз  деп емес, құнды құжат деп қараған дұрыс дейді Татьяна Лушина.
Шара барысында отырысқа қатысушылар мұрағат жұмысына байланысты сауалдар қойып, сала мамандары оған тұшымды жауаптар қайтарды.
 
 Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар