Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғамға керегі адал ұрпақ - АРҚА АЖАРЫ

Қоғамға керегі адал ұрпақ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен  «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» тақырыбында өткен облыстық бейнероликтер байқауының жеңімпаздары анықталды.

Байқауға  өңіріміздің әр түкпіріндегі  «Адал ұрпақ» клубының   мүшелері  қатысты. Қазіргі уақытта  облыс бойынша  495 «Адал ұрпақ» клубы құрылып, оның құрамына 4 мыңға жуық оқушы тартылған.
Байқау екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қалай қарсылық білдіру, осы дертпен қоғамда қалай күресу қажеттігін  өздерінің бейнероликтері арқылы көрсетті. Мұның алдында аудандық байқаулардағы ең  таңдаулы деген жұмыстар облыстық  байқауға  жіберілген болатын.  
Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне төзбеушілікті  қалыптастыруға бағытталған    байқаудың нәтижесі бойынша  Ақкөл қаласындағы №1  орта мектептің оқушылары    бірінші орынды жеңіп алды. Ал,  екінші жүлделі орындарды Есіл ауданы  Свобода орта мектебінің  және Еңбекшілдер ауданындағы  Казгородок орта мектебінің  оқушылары  өзара бөлісті.    Үшінші орын   Атбасар ауданының №2 орта мектебі, Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейі  мен  Бұланды  ауданы Макинск қаласының  мектеп-гимназиясына бұйырды.  
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын саралап, салмақтай келгенде оқушылардың сыбайлас жемқорлықтың не екендігін,  заң тұрғысында қылмысқа барған адам қандай   жауапкершілікке  тартылатындығын  
анық  біліп,  түсінетіндіктері жақсы байқалады.  
Замана дертінің кең құлаш жайып кетпеуі үшін жастар мұны  біліп қана қоймай, жемқорлықсыз өмір сүрулері керектігіне  өз сөзінде департаменттің басқарма басшысы Мәлік Ахметқалиев  баса тоқталып,  жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Алғыс хаттар тапсырды.

Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар