Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ғасырлар тұңғиығынан жеткен хат - АРҚА АЖАРЫ

Ғасырлар тұңғиығынан жеткен хат

Стамбулдағы Шахзадабашы мешітін 1990 жылы қайта қалпына келтіру жөнінде қала басшылығы шешім қабылдады. 15-ші ғасырда өмір сүрген атақты сәулетші Мимар Синанның қолынан шыққан бұл сәулет өнерінің керемет туындысы төрт ғасырдан бері халықтың көзайымы болып, тарихи шаһардың көркін ашқан және миллиондаған мұсылмандардың баратын сүйікті орны болған еді.

Десе де, уақыт әмірші өз дегенін жүргізіп,  атақты сәулетшінің туындысы көнеріп, көз тартар көркі кете бастаған кезі еді бұл. Осыған орай, тарихи ескерткішті қайта жаңғыртуға шешім қабылданып, оның алғашқы бейнесін сақтай отырып жаңғырту жүргізу көзделді. Мешітті қалпына келтіруге қатысқан бір сәулетші былай дейді: «Мешіттің бақшасында орналасқан қоршау дуалдың үстіндегі аркалардың тастарында жарықшақтар болатын. Осыған орай, қайта жөндеу бағдарламасына аркалардың тастарын ауыс-
тыру да кірді. Біз құрылыс факультетінде аркалардың құрылысы жа-
йында теориялық білім алғанымызбен, осы тастан жасалған аркалардың құрылысына қатысты тәжірибеміз жоқ еді. Аркаларды қалай жөндеу керектігі жайында шеберлермен жиналыс өткіздік. Нәтижесінде аркалардың астынан жаната тас тақталар қағатын болып келістік. Сонан соң арканың тастарын ақырындап суырып, орналасу техникаларына қатысты өлшемдерін алып, кейін орнына жаңа тастар қояр кезде сол өлшемдерді пайдаланатын болдық. Арканың тастарын шешуді алдымен кілт тастан бастадық. Тас-
ты орнынан алған кезімізде таңғаларлық жай болды. Екі тастың біріккен жерінде қуыста цилиндр тәрізді шыны құты көрінді. Құтыдан ақ қағаз шықты. Қағазда ескі осман тілінде жазылған жазу бар екен. Соны тіл мамандарына оқытқанымызда бұл осыдан төрт ғасыр бұрын өмір сүрген атақты сәулетші Мимар Синанның хаты екенін білдік. Хатта сәулетші былай деп жазыпты:
«Бұл арканы қалаған тастардың шыдау мерзімі 4 ғасыр. Осы мерзім ішінде тас шіріп ескіруіне байланысты сендер бұл арканы жаңартпақ боласыңдар. Бәлкім құрылыс техникаларының өзгеретіндігі үшін бұл арканы жөндеудің жолын таба алмассыңдар. Сондықтан, осы хатты мен сендерге бұл арканы қалай құрастыру керек екендігін түсіндіру үшін жазып отырмын».
Міне, осы хаттағы нұсқаманы басшылыққа алған шеберлер тас арканы еш қиындықсыз жаңғыртады. Сөйтіп, төрт ғасыр тұңғиығынан жеткен шебердің хаты тарихи сәулет туындысын қайта жаңартуға игі ықпалын тигізеді.
Интернет материалдары бойынша дайындаған
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар