Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көңіл бөлгенге не жетсін - АРҚА АЖАРЫ

Көңіл бөлгенге не жетсін

Жеңіс мерекесінде Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев Ұлы Отан соғысының ардагері Никандр Стрельниковтың үйінде болып, айтулы күнмен құттықтады.

 

Қала әкімі еліміз бен облыс басшылығының Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көп көңіл бөлетінін атап өтіп, ерлік пен Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің арқасында бүгінгі ардагерлер сыйлаған Жеңіс үшін майдангерге алғысын білдірді.
– Жеңіс күні – баршамыз құрметтейтін мемлекеттік мереке. Бұл мерекеде ата-бабаларымыздың ерлігін еске аламыз. Ашық аспан үшін, сіздердің ерліктеріңіз үшін бас иеміз,– деген Әнуар Күмпекеев өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне өз үлесін қосып жүрген соғыс ардагеріне алғысын білдіріп, гүл шоқтары мен бағалы сыйлық табыс етті. Бүгінгі таңда жастар сонау ел басына қауіп-қатер төнген жылдарды білуі қажет. Опасыз жауды жеңген кеңес халқының ерлігі  ұмытылмауы тиіс. Елімізге Жеңіс сыйлаған ардагерлер өскелең ұрпақпен өздерінің естеліктерімен, Отанға деген сүйіспеншіліктерімен бөлісуде. Тоқсан жастағы Никандр Стрельников қала басшысына өзінің әскери өмір жолы жөнінде айтып берді. Ол Кеңес әскері қатарына 17 жасында шақырылыпты. Сол күні оның туған кентінен 14 жігіт қан майданға аттанған екен. Ферғана қаласындағы оқу-жаттығудан кейін ант қабылдайды. 1943 жылдың желтоқсанында Никандр Стрельников Киев қаласы маңында орналасқан бірінші Украин майданының жаяу әскер құрамына жіберіледі.
– Соғыстың аты соғыс. Бомбылады. Біз болсақ «Отан үшін, Сталин үшін алға!» деген ұранмен жауға тыным бермедік,–деген ардагер өзінің Днепр өзенінен өтіп, Киевті жаудан азат еткенін, 1944 жылғы Ясско-Кишинев операциясына қатысқанын  еске алды. Сондай-ақ, Винница, Черновцов, Польша, Венгрия мен Чехословакияны жаудан азат ету кезіндегі кескілескен шайқасты да ұмытпапты. 1945 жылы Чехословакия шекарасында қатардағы жауынгер Стрельников пен оның қаруластары минаға тап болады.
Қалай жараланып, Львов қаласының госпиталына түскені есінде жоқ. Госпитальдан кейін он қаруласымен бірге Батыс Украинадағы бандыларды жоюға жібереді. 1947 жылы Стрельников халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмысына сарбаздарды үгіттеп жүргендермен келісіп, Тюмень облысында он жыл жұмыс істейді. Осында үйленіп, ұлды болады. Бұдан кейін тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары инженер болып еңбек етті. Ардагердің кеудесінде «Ұлы Отан соғысы» ордені мен бірнеше медаль жарқырайды. Қала әкімі әңгіме барысында ардагердің денсаулығы мен бұйымтайы  жөнінде сұрап білді. Никандр Стрельников Астанадағы ұлттық ауруханада көзі мен басын емдегісі келетінін айтты. Қала әкімі бұл мәселені шешуге көмектесетін болды. Бұл кездесуде ерлік пен Жеңіс үшін ардагерге көп алғыс айтылды. Майдангер  өз кезегінде ардагерлердің мәселелеріне назар аударып отырған Елбасына, облыс пен қала басшыларына алғысын білдірді.

Нанна АНТИДЗЕ,
Степногорск қаласы әкімінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар