Бүгін Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында сайлау учаскелеріне алғашқылардың бірі болып келген және өмірінде алғаш рет дауыс беріп отырған азаматтарға сыйлықтар табыстау акциясы ұйымдастырылуда.

Акцияның басты мақсаты – азаматтардың сайлау процесіне қатысуына қолдау көрсету, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және сайлауға деген қызығушылығын қалыптастыру. Іс-шара аясында алғашқы болып дауыс берген және алғаш рет өз таңдауын жасаған азаматтарға естелік сыйлықтар табысталуда.
Мұндай бастамалар сайлаудың мерекелік атмосферасын қалыптастырып, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына ықпал етеді.
![]()

