Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз – рухани құндылықтар негізі - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз – рухани құндылықтар негізі

Жуырда Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінде мектепке дейінгі оқыту және тәрбие бөлімі I-II курс студенттерінің ұйымдастыруымен « Ұлттық салт-дәстүрлеріміз – рухани құндылықтар негізі» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Сабақтың басты мақсаты – өскелең ұрпақты салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрып, әдебиетіміз бен мәдениетімізге, тарихымызға құрметпен қарауға әрі осыны білуге баулу. Елбасы биылғы Жолдауында «Болашақ – жастардың қолында, ал, болашағымыз мықты болу үшін жастарымыз білім жағынан ғана емес, салт-дәстүрін, өзінің рухани құндылығын жоғары дәрежеде білуден де алда болуы керек» деп атап көрсеткен болатын. Өткеніміз бен болашағымыздың бір мазмұнда болуы үшін тәрбие сағаты барысында қазіргі кезде жоғалып бара жатқан, қолданыста жоқ салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық ойындарды қайта жаңғыртып, көрініс, мысал арқылы көрсеттік.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Осымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді», – деп өткеніміз туралы да салмақты ой айтқан еді. Міне, ұстаздар ұйымдастырған тәрбие сағатының мақсаты және ішкі мазмұны да Елбасы алға тартқан осы мәселелерді қамтуға бағытталды. Бүгінгі замандастарымыздың, жастар мен болашақ ұрпақтың саналы, рухани бай болуы үшін жаңғырту іс-шараларын көптеп қолға алуымыз керек-ақ.

 Марина Дахан,
 Ж.Мусин атындағы  Көкшетау педагогикалық колледжінің
оқу тобының жетекшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар