Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зеренді ауданына жаңа әкім тағайындалды - АРҚА АЖАРЫ

Зеренді ауданына жаңа әкім тағайындалды

Өткен сейсенбі күні облыс әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Асқар Мұратұлы Зеренді ауданының әкімі болып тағайындалды.

Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Сергей Кулагин аудан активін өткізіп, жиналған қауымға  ауданның жаңа әкімі ретінде Асқар Мұратұлының кандидатурасын ұсынды. Осы орайда, аудандық мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдап, дауыс бергеннен кейін облыс әкімінің өкімімен Асқар Мұратұлы Зеренді ауданының әкімі болып тағайындалды.
Аудан активіне жаңа басшыны таныстырған облыс әкімі  өңірде бірінші кезекте шешілуге тиісті міндеттерге тоқталып, ауданды  әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту, әсіресе, туризм саласын өркендету жөнінде алда тұрған ауқымды жұмыстарды ерекше атап көрсетті. Сонымен бірге, ол  аудан активін жаңа әкіммен  тізе қосып, бірлесе  жұмыс істеуге шақырды.
Өз кезегінде ауданның жаңа әкімі Асқар Мұратұлы өзіне көрсеткен зор сенімдері үшін облыс әкімі мен депутаттарға  алғысын білдіріп, осы сенімнен шығуға бар күш-жігерін аянбайтындығын жеткізді.

Асқар Мұратұлы 1976 жылы туған, жоғары білімі бар. 1998 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін инженер-экономист мамандығы, 2003 жылы Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін инженер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы шілдеде Шығыс Қазақстан облысы сауда және қызмет көрсету департаментінің инспекторы болып бастады. Қазақстан Рес-
публикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінде түрлі мемлекеттік лауазымдарда, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация-лар министрінің көмекшісі, «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстық филиалдарының директоры, Астана қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Респуб-ликасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитеті сапаны бақылау басқармасының сарапшысы, Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекция-сы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2012 жылғы қазаннан бастап Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар