Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс орталығы көрікті, таза болуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Облыс орталығы көрікті, таза болуы керек

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин кешке қарай  жұмыс бабымен Көкшетау қаласындағы көшелер мен тұрғын үй аулаларын аралап көріп, абаттандыру және санитарлық тазалық жағдайына көңіл бөлді.

Облыс әкімімен Көкшетау қалалық әкімдігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жергілікті полиция қызметінің басшылығы бірге болды. Осы орайда, өңір басшысы орталық көшелер мен тұрғын үй аулаларының санитарлық жағдайы және бірқатар нысандардың сырт келбетіне қатысты сын ескертпелер жасады.  Әсіресе, «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамының облыстық филиалының аумағында гүлзарлар орнатылып, ағаштар отырғызылмағанына назар аударды. Сонымен қатар, Әуезов көшесінің бойындағы №268 мекен-жайы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс алаңы қоршалмағаны да назардан тыс қалмады. Ал, жергілікті полиция қызметінің жұмысына келетін болсақ, қоғамдық тәртіпті қатаң бақылауға алып, бұзақылық жасаған, мәдени-тарихи ескерткіштерді қасақана бүлдіргендерді теледидардан көрсету қажеттігін атап өтті.
Жұмысын қорытындылаған облыс әкімі тиісті органдарға қаланы көгалдандыру, абаттандыру бойынша нақты міндеттер жүктеді. Жабайы сауда нүктелерін қысқарту бойынша шара қолданып, қатты тұрмыстық қалдықтарды ұдайы тазалап отыру және канализациялық люктерге инвентаризация жасауды тапсырды. Оған қоса, қала басшылығына бизнес өкілдерін өздеріне тиесілі жер учаскелерін тәртіпке келтіруге шақыруды жүктеді.
Облыс басшысы Мәлік Мырзалин
қалалық саябақта осыған дейін жасаған ескертуі бойынша оң жұмыстар атқарылғанын да тілге тиек етті. Сонымен қатар, Қопа көлінің жағасында болып, жағалауда абаттандыру жұмыстарын жүргізу бойынша жоба әзірлеуді тапсырды.
Жалпы, облыс орталығының дамуы өңір басшысының ұдайы бақылауында. Оған жақында облыс әкімінің қаладағы Васильковка, Орталық және Застанционный шағын аудандарында болғаны айқын дәлел.   

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар