Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тіркеліп, мәлімет берулері тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Тіркеліп, мәлімет берулері тиіс

 

Облыстық әділет департаментінің мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні өңірімізде 677 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген екен. Бірақ, олардың нақты жұмыс істеп тұрғандарының саны – 522, ал 101-і жұмыс істемейді,  54-і жайында мәлімет жоқ.

 

Осыған орай, облыстық ішкі  саясат басқармасы үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына заң талаптарына сай жұмыс істеу қажеттігін ескертеді. Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңының талаптарына сәйкес, еліміздің аумағында тіркелген барлық үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын наурыз айының 31-іне дейін құзырлы органға өз қызметтері жайындағы мәліметтерді тапсыруы тиіс. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңның 489-1 бабына сай, үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері жайындағы мәліметті белгіленген уақытта тапсырмаса немесе жалған мәлімет берсе, бұндай жағдайда оларға ескерту жасалады. Егер бір жылдың ішінде осындай жайлар қайталанса, онда заң бұзғандарға 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, не үш айға дейін қызметі тоқтатылады.
Біз құқықтық демократиялық қоғамда өмір сүріп жатырмыз, барлық мәселелер заң арқылы шешімін табады. Егер заң талаптарын бұзатын болсақ, онда заң шеңберінде сол үшін жауап беруімізге тура келеді. Белгіленген уақытта өз жұмыстары жайындағы мәліметті  тапсырмаған үкіметтік емес ұйымдар осы олқылықты жоюларына мүмкіндіктері бар. Заң баршамызға ортақ екенін естен шығармайық.
Динара КӘКПЕНОВА,
облыстық ішкі саясат басқармасының  бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар