Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Міндеттер орындалуына күш саламыз - АРҚА АЖАРЫ

Міндеттер орындалуына күш саламыз

 

Өткен кезенде біздің ауданның атқарушы органдарының жұмысы әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру міндетін орындауға бағытталды.

 

Экономиканың барлық саласының дамуы негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсуін сақтауға ықпалын тигізіп, аудан бюджетіне салықтың тұрақты түсуін қамтамасыз етті. Экономиканы дамытудың басты факторларының бірі өнеркәсіпті қарқынды дамыту болып табылады. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 876 миллион теңгенің өнімі өндірілді. Облыстың кәсіпкерлікті қолдау картасына ауданның бес жобасы кіреді. Жобалар пайдалануға беріліп, 190 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Жыл басынан бері «Каз Лес» және «Үшбұлақ» серіктестіктері 327 миллион теңгенің өнімін өндірді. Еңбек ауылында майлы дақылдар тұқымын кептіріп, тазалап, сақтайтын кептіргіш кешені жұмыс істейді. Азат ауылында орналасқан «SC Food» серіктестігінің мал бордақылау алаңында 1710 бас асыл тұқымды ірі қара бағылады.
«ТП» серіктестігінің шұжық цехы пайдалануға беріліп, өнім шығара бастады. Ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің 1327 субъектісі жұмыс істейді. Бұл салада 6,3 мыңнан астам адам еңбек етеді. Мемлекет кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық жағдайды жасауда. Кәсіпкерлікті дамытуды қолдаудың тиімді тетігінің бірі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы болып табылады. Биылғы жылы «Теремок» серіктестігі мен жеке кәсіпкер Казановтың жобалары мақұлданды. Соңғысы су мен лимонад құятын цехтың құрылысын жүргізуде. Елбасының тапсырмасын орындау барысында ауданда кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс тиімді жоба жүзеге асырылуда. «СП Казахстан ЭХЗ технологии» серіктестігі Украинаның кәсіпорнымен бірге Ақкөл қаласында анодтық құрылғы шығаруды игерді. «EL GRANO» серіктестігінің астық қабылдайтын желілік элеваторы іске қосылды. «Пигас» серіктестігінің астық пен майлы дақылдарды тазалап, кептіріп, сақтайтын астық қабылдау кешені жұмыс істейді. «Нұрзаман» серіктестігінің зауыты шлакоблоктар, пескоблоктар мен темірбетон өнімін өндіреді. Мемлекет басшысы ел халқына арнаған Жолдауында жаңа индустрияны құрумен бірге дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру қажеттігін айтты. Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйвері болуы керек. Ауданның агроөнеркәсіп кешені үлкен әлеуетке ие.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1 миллиард теңгені құрады. Сүт пен жұмыртқа өндіру көлемі артты. 135 мың гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар егу жұмысы басталды. Оның ішінде 4 мың гектарға майлы дақылдар, 5488 гектар алқапқа азықтық дақылдар сіңіріледі. 1505 гектар жерге картоп пен көкөніс отырғызылады. Егіс жұмысын өткізу үшін 19 мың тонна тұқым дайындалған. Астана қаласы айналасында азық-түлік белдеуін дамытудың кешенді бағдарламасына сәйкес, Кеңес ауылында орналасқан «Агроинвест-2020» серіктестігі «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 400 бас сүт бағытындағы ірі қара сатып алды. Кеңес және Новорыбинск селолық округтарында сүт қабылдайтын орындар ашылды. «Қаранайза» серіктестігі мен Азат ауылында ет өндірісі бойынша ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Еңбек пен Азат ауылдарында сүт өндірісі бойынша ауыл шаруашылығы кооперативін құру қолға алынды. Аудан экономикасына 1,2 миллиард теңге инвестиция тартылды. Тұрғын үй құрылысының инвестициясы 152 миллион теңгені құрады. 1979 шаршы метр жекеменшік тұрғын үй пайдалануға берілді.
Аудан жылумен әртүрлі меншіктегі 38 бу қазандығымен қамтамасыз етіледі. Жылу беру маусымы әлеуметтік саланың барлық нысандары мен коммуналдық бу қазандықтарында штаттық режимде өтті. Аудан бюджетінің қаржысы есебінен «Жалғызқарағай ауылындағы су құбыры жүйесін қалпына келтіру» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы жасалды. Бұл жобаның мемлекеттік сараптамасы алынды. Жобаны одан әрі қаржыландыру үшін облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Облыстық бюджеттен «Азат ауылындағы су құбырлары жүйесінің құрылысы» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасауға және мемлекеттік сараптама өткізуге қомақты қаржы бөлінді. Биылғы жылы аудандық бюджет қаржысы есебінен «Урюпинка селосындағы бу қазандығы мен жылу жүйелері құрылысы» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасалуда.
Облыстық және аудандық бюджеттер қаржысы есебінен Ақкөл қаласындағы «Восточный» шағын ауданының бу қазандығы мен жылу жүйесін қалпына келтіру жобасы қолға алынды. Жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін Ақкөл коммуналдық шаруашылығын техникамен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізіліп, 10 бірлік мамандандырылған техника мен қондырғылар сатып алынды. Биылғы жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен аудан орталығындағы үш көшенің жолы күрделі жөнделуде. Ақкөл қаласында мүгедектер үшін жол белгілері және көше бұрылысына дыбыстық және жарықтық бағдаршам қойылды. Абаттандыру шаралары аясында шарбақтар ауыстырылып, боялды.
Қала көшелеріне таспен көркемделген гүлзарлар орнатылды. Жол жиегіндегі тастар ауыстырылды. Жаңа қоқыс контейнерлері қойылды. Биылғы жылы абаттандыру жұмысын жүргізуге аудандық бюджеттен 9,5 миллион теңге бөлінді. Ауданның елді мекендеріне 5545 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Абаттандыру аясында 8 жалпы аудандық сенбілік өткізілді. Биылғы жылы тиімді жұмыспен қамту бағдарламасы бағытын жүзеге асыру үшін бюджеттен 16 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Бір сөзбен айтқанда аудан алға қойған барлық міндеттерді орындайды. Ол үшін мүмкіндік мол.

Теміржан ЕДІГЕНОВ,
Ақкөл ауданының әкімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар