Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сан пікірлер мен тілектер тоғысы - АРҚА АЖАРЫ

Сан пікірлер мен тілектер тоғысы

 

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, «Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында Көкшетау темір жол вокзалындағы көліктер тоқтайтын автотұрақта қабылдау өткізді.

 

Акция барысында полиция қызметкерлері жүргізушілердің жолда жүру ережелерін қаншалықты ұстанатынын және тиісті құжаттарын тексерсе, партия қызметкерлері де  құқықтық кеңестер берді. Қабылдау барысында жол қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар ғана емес, сонымен қатар, зейнетақы, жұмыспен қамту, жеке тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру сияқты көптеген мәселелер талқыланды.
– Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, осындай акциялардың берері мол. Ең алдымен, ол қала тұрғындарының пікірлерін тыңдауға, қала жолдарындағы проблемаларды білуге және қарапайым адамдарға жақын болуға мүмкіндік береді. Биылғы жылы да көлік жүргізушілері мамандардан түрлі кеңестер алды. Сондықтан да, шараны өткізу барысында адам көп жиналатын орындарды таңдадық, – дейді  «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің сарапшысы Аққу Дайырова.
Мұндай шаралар әрбір тоқсан сайын өткізіліп келеді. Бұл күні қоғамдық қабылдауға 12 көкшетаулық кеңес алуға келсе, облыс бойынша 378 адам өз өтініштерін білдірген.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар