Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Министр халықпен кездесті - АРҚА АЖАРЫ

Министр халықпен кездесті

 

Кеше  елордадағы «Қазмедиа» орталығында Қазақстан Республикасы  Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың халықпен есептік кездесуі болып өтті.

 

«Осыдан  бір жыл бұрын Елбасының тапсырмасымен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі құрылып, оның алдына бірқатар міндеттер қойылғаны белгілі. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы жаңа ведомствоға ақпараттық кеңістікті нығайту  мен отандық масс-медианың деңгейін көтеруді, мемлекеттік ақпараттық саясат пен мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруды тапсырды», – деді кездесу барысында баяндама жасаған министр.
Министрлік осы мақсат-міндеттер бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Осы жылдың наурыз айында алтын қорымыздағы отандық фильмдерді көрсететін  «Ел арна» атты жаңа арна іске қосылды.  2018 жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірі цифрлық эфир таратуға 100 пайыз көшеді. Қазақстандықтар ұялы байланыс операторларына шағымдана алады. Жылдың соңына дейін министрлік сайтында «Ұялы байланыс сапасына халықтық бақылау» сервисін іске қосу жоспарлануда. Министрдің айтуынша, жақын арада ұялы телефондарды тіркеуге қатысты бұйрық шығады. «Ұялы телефондарды тіркеу қажет. Себебі, бүгінде осы салада ұрлық көп. Ал, ұялы телефондарды тіркейтін болсақ, ұрланған кез келген телефонды IMEI-код арқылы бұғаттауға болады», – деді бұл орайда Министр.
Кездесуде сондай-ақ, әлеуметтік желілердің жауапкершілігі туралы да айтылды. Желілерде тексерілмеген ақпаратты жариялау немесе адамға тіл тигізу бүгінгі қоғамдағы үлкен проблема болып отыр. 2020 жылы ұялы байланыстың 2 буынымен тұрғындар саны 500 адамнан асатын барлық елді мекендер қамтылады. «Қазіргі кезде шет елдегі қандастарымызға Қазақ радиосын жеткізудің бір-ақ жолы бар. Ол радио желіні онлайн режимге көшіру. Біз осы салада арнайы жобаны іске асырамыз», – деді Министр. Бүгінгі күні министрлік қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі «Рухани жаңғыру» аясындағы жобаларды жүзеге асыруға айрықша күш салуда.
Дәурен Абаев баяндамадан кейін онлайн режимінде аймақтардан қойылған сауалдарға жауап берді. Ақмола өңірінен облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қайырбай Төреғожа журналистердің мәртебесі, оларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Министр бүгінгі таңда журналистердің көпшілігі жекеменшік ұйымдарда қызмет ететінін айтты. Осыған қарамастан, баспана мәселесі қарастырылатынын жеткізді. БАҚ туралы заңға өзгерістер келесі жылдан бастап енгізілетінін, онда журналистерді әлеуметтік қорғау жолдары қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар