Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Көкшетау» журналының жаңа саны жарық көрді - АРҚА АЖАРЫ

«Көкшетау» журналының жаңа саны жарық көрді

«Көкшетау» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси, әлеуметтік журналының  бұл кезекті санында бір топ ақын-жазушылардың шығармалары оқырмандарға жол тартып отыр. Соның ішінде Ғалихан Ахметовтың «Үкілі Ыбырай» романының үшінші тарауы өзінің көркемдік сипаты, әйгілі ақын-әнші, композитор туралы ұтымды шешімдерімен оқшау көрінеді.  Журналда Елбасының «Мәңгілік ел» идеясымен үндесе түсетін туындының бірі – белгілі ақын Бақытжан Тобаяқовтың «Мәңгілік ел – мұратым» атты өлеңдер топтамасы десек, артық емес.

Қазақтың аса көрнекті ақыны Кәкімбек Салықовтың  әдеби мұрасынан алынып жарияланған «Үкілі Ыбырай туралы үзік сыр» естелігі де біртуар бабамыздың өшпес әндерінің бұрын беймәлім болып келген кейбір қырларына терең бойлай түсуімен құнды. Сондай-ақ, Серік Әбеновтың  «Жирен айғырдың жорығы» әңгімесі, Баянғали Әлімжановтың «Қорасан қарақшының қолмергені» поэ-масы, Есләмбек Бекбаевтың «Әке» эссесі де қызғылықты оқылады.
Журналдың осы санында Мұрат қажы Ыдырысовтың «Таңғы самал елінде» деген тақырыппен сапарнама өлеңдері, Ахмет Дүйсенбаевтың «Таным» айдарымен «Ғұмырнама немесе мүшелдің ғылыми негізі» зерттеу еңбегі де жарияланып отыр. Ал, Беркімбай Әлжановтың «Ақ таңым, жақсы хабар әкеле бер!..», Абзал Балтабаевтың «Ұлы Абайға» топтама өлеңдері «Елден келген өлең» айдарымен берілген.
Журналдың бұл саны-ның соңғы нүктесін өз шығармаларын орыс тілінде жазатын жерлес қаламгер Тұрғын Сыздықовтың грек еліне сапары туралы жолжазбалары қойып отыр.
Журнал әдеттегідей түрлі-түсті  мұқабасымен көркем безендіріліп, сапалы шығарылған. Туған халқымыз бен өңіріміздің әдебиеті мен мәдениетін насихаттайтын «Көкшетау» журналына жаңа 2015 жылға жазылып үлгермеген оқырмандар болса, басылымды жергілікті байланыс бөлімшелері мен редакцияның өзінде жаздырып алуларына болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар