Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалинді қабылдады. - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалинді қабылдады.

 

Қазақстан Президенті кездесуде облыстың туристік әлеуетін, соның ішінде «Бурабай» курортын одан әрі дамыту жұмыстары туралы сұрады.
Елбасы курорттық аймаққа келушілер саны жылдың әр мезгілінде әртүрлі екеніне назар аударып, туристерге көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, сондай-ақ, көрсетілетін қызметтердің деңгейіне сай келмейтін бағалардың жоғары екенін атап өтті.
– «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуін тиімді пайдалану қажет. Көптеген туристер келді, соның ішінде шетелдіктер де бар. Бірақ, экологиялық жүйеге салмақ салмау керек. Сонымен қатар, адамдардың демалуы үшін жақсы жағдай жасаған жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін көтерудің маңыздылығына тоқталып, облыс басшылығы тарапынан ерекше мән беруді қажет ететін бірқатар саланы айтты.
М.Мырзалин Қазақстан Президентіне туристердің қазіргі демалыс орындарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндап, өңір қонақтары мен тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге арналған жоспарлармен таныс-тырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар