Аталған билеттермен кешкі сағат 18:30-дан бастап кіруге болады.
«Жұмыс күндері «Кешкі» билеттің бағасы 2 мың теңге болса, демалыс күндері 3 мың теңгеден сатылады. Ал, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін одан екі есе арзан болады. Демек, олар кешкі билеттерді 1-1,5 мың теңгеге ала алады», – делінген компанияның ресми xабарламасында. Бұдан бөлек, ЭКСПО көрмесіне абонемент те сатып алуға болады. 50 000 теңгенің абонементімен көрме аяқталғанша кіріп-шығуға мүмкіндік бар. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін ондай абонементтің бағасы екі есе арзан, яғни, 25 000 теңге болады. Айта кеткен жөн, абонементтер нақты адамның атына жазылады. Сол себепті, тексерушілер ондағы мәліметтерді жеке куәлікпен салыс-тырып кіргізеді.