Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолаушылар тасымалдау мен жол сапасы жақсартылуда - АРҚА АЖАРЫ

Жолаушылар тасымалдау мен жол сапасы жақсартылуда

Мемлекет басшысының ел халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында белгіленген маңызды басымдықтардың бірі жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады.

Қалалар мен агломирациялардың қарқынды өсуі әртүрлі қызмет түрлері мен жұмыс күшіне үлкен сұраныс тудырады. Осы орайда, жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті шексіз. Көлік инфрақұрылымының қолжетімділік мәселесін шешпей, Қазақстанның барлық өңірлерін тұрақты дамыту үшін маңызды жағдай болып табылатын урбанизация үрдістері мүмкін емес. Тиімді көлік инфрақұрылымын құру үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Шұғыла қағидаты» бойынша Астананы өңірлермен байланыстыратын өңіраралық автокөлік жолы 2020 жылы салынады. Жолдардың ақылы жүйесін кезең-кезеңмен енгізе отырып, 8 мың шақырым автокөлік жолы қалпына келтіріледі.
Облыста автокөлік жолының ұзындығы 7890,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жол 2260,5 шақырым, облыстық маңызы бар жол 2665 шақырым және аудандық маңызы бар жол 2965 шақырым. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында бүгінгі таңда облыстың республикалық маңызы бар жолдары бойынша «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс» бағыттары бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүргізілуде.  «Орталық-Батыс» бағыты бойынша жобалық-іздестіру жұмысы жүргізілуде. «Орталық-Оңтүстік» бағыты бойынша «Екатеринбург-Алматы» автокөлік жолы қалпына келтіріледі. Бұл жол облыс аумағының 76 шақырымын басып өтеді. Астана қаласының учаскесінен басталған жол Аршалы ауданы арқылы өтеді. Жобалар 2013-2017 жылдары жүзеге асырылады. Биылғы жылы барлық жұмыс түрін аяқтау және нысандарды пайдалануға беру жоспарланған. «Орталық-Шығыс» бағыты бойынша «Астана-Ерейментау-Шідерті» автокөлік жолы қалпына келтірілуде. Бұл жол облыс аумағының 189 шақырымын басып өтеді. Астана қаласынан шыққан жол Целиноград және Ерейментау аудандары арқылы өтеді. Жоба 2014-2018 жылдары жүзеге асырылады. «Орталық-Батыс» бағыты бойынша «Астана-Арқалық-Торғай-Ырғыз-Шалқар» автокөлік жолы қалпына келтірілмек. Бұл жол өңіріміздің 354 шақырымын басып өтеді. Астана қаласынан басталатын жол Целиноград, Қорғалжын, Егіндікөл, Атбасар, Жарқайың аудандары арқылы өтеді. Бүгінгі таңда жобалық-іздестіру жұмысы жүргізілуде. 2016-2019 жылдары жобалық-сметалық құжаттамасы жасалады. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2020-2021 жылдары басталады деп межеленген.
Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының құрылысымен және жөндеуімен бірге жергілікті маңызы бар автокөлік жолдары мен елді мекендер ішіндегі жол жүйесін жөндеуге үлкен назар аударылады. Өткен жылы бөлінген қаржы аясында 423,2 шақырым жергілікті маңызы бар автокөлік жолы мен көше жолдары жөнделді. Оның ішінде 5,7 шақырым автокөлік жолы салынды. 34,6 шақырым жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 382,9 шақырым автокөлік жолы ағымдағы жөндеуден өтті. Жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 66,6 пайызға жетті. Биылғы жылы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын жөндеуге 11,5 миллиард теңге қарастырылған.
Бөлінген қаржы аясында жұмыстар биылғы жылы жалғасатын болады. Жол құрылысымен және жөндеуімен бірге жолаушы тасымалдау да дамуда. Бүгінгі таңда жолаушы автокөлігі қатынасымен 411 елді мекен (78 пайыз) қамтамасыз етілді. Тек өткен жылы алты жаңа автобус бағыты ұйымдастырылып, бұрынғы үш бағыт ұзартылды. Автобус қатынасымен қосымша 12 елді мекен қамтылды. Елбасының Жолдауына сәйкес, биылғы және алдағы жылдары үлкен қалалар мен жақын елді мекендер арасындағы автобус қатынасын дамыту жөнінде шара қабылданатын болады. Ол үшін Астана мен Көкшетау қалалары және осы қалалардың іргесіндегі елді мекендерді қосатын автобус қатынасын, сондай-ақ, тұрғындары жүз адамнан асатын елді мекендерден аудан орталықтарына дейін ауданішілік автобус қатынасын ұйымдастыру жоспарлануда.
Облыс елді мекендерін тұрақты көлік қатынасымен толық қамтамасыз ету үшін жолаушы және жүк тасымалдайтын қалааралық автобустың қосымша бағытын ұйымдастыру бойынша жұмыс одан әрі жалғасады. 2017 жылы тұрғындары жүз адамнан асатын елді мекендерді жолау-шы автобусы қатынасымен қамтуды 82 пайызға дейін  көбейту, 2020 жылы 100 пайыз қамту жоспарлануда.
Сондай-ақ, тұрақты бағытта жұмыс істейтін автобустарды жаңарту бойынша жұмыстар жалғасады. Облыстың автовокзалдары мен автобекеттері бірыңғай талаптар мен стандарттарға сәйкес жөнге келтіріледі. Жолаушыларға қызмет көрсететін бекеттер мен такси тұрақтары салынады. Республикаішілік және халықаралық әуе бағытымен ұшуды дамыту жұмысы жалғасады. Бүгінгі таңда жолаушылар «Көкшетау-Алматы-Көкшетау», «Көкшетау-Ақтау-Көкшетау», «Көкшетау-Шымкент-Көкшетау», «Көкшетау-Атырау-Көкшетау» әуе бағыттары бойынша тасымалданады. Биылғы жылдың 21 мамырында «Көкшетау-Мәскеу» халықаралық әуе рейсі ашылды. Сондай-ақ, «Көкшетау-Тюмень», «Көкшетау-Омск» бағыттары бойынша жаңа халықаралық әуе рейстерін ұйымдастыру жоспарлануда.

Дудар САҒИТОВ,
облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының
 орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар