Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түйткілді мәселеге айналып отыр - АРҚА АЖАРЫ

Түйткілді мәселеге айналып отыр

 

Өзектерін жарып шыққан өз балаларын асыраудан қашып, алимент төлемей, жалтарып жүрген «көкек» әкелер қатары жыл өткен сайын көбеймесе, азаяр түрі көрінбейді.

 

Әділет департаменті, облыс прокуратурасы, халықты жұмыспен қамту орталығы және жеке сот орындаушыларының басын қосқан дөңгелек үстел шарасында алиментті өндіру жайы жан-жақты талқыланды.
Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету басқармасының басшысы М.Байғожинаның айтуынша, бүгінгі күні алиментті өндіруге қатысты заңнамаларға кіргізген өзгерістер мен толықтырулар қарызды өндіріп алудың пәрменді шараларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді. Егер үш айдан астам уақыт бойы алимент төлемесе, онда сот орындаушысы мәжбүрлеп төлету шарасын қолдана алады. Бүгінгі күні сот орындаушыларының қолында 10 мыңнан астам алимент өндіруге қатысты іс бар екен. Жыл басынан бері сот орындаушылары сот шешімін орындамағаны үшін 170 адамды әкімшілік жауапкершілікке, ал, қарызға белшеден батса да, алимент төлегісі келмейтін 9 азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартқан.
Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Д.Бекішев «Алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы жайында айтып берді. Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің бірлескен бұйрығы негізінде алимент қарызы бар борышкерлерді  бірінші кезекте жұмысқа алу жайы қарастырылған. Бұның өзі жұмыссыздық салдарынан балаларына қажетті көмекті көрсете алмай жүрген азаматтардың  мәселесін шешуге көмектесу үшін жасалған шара болып отыр.
Шара барысында алиментті өндіріп алуға қатысты ой-пікірлер ортаға салынды. Айта кетерлік жай, алимент мәселесіне қатысты азаматтар Әділет министрлігінің кол-орталығына өздерін толғандыратын сауалдарын кез-келген сәтте қойып, жауап алуларына болады.

Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар