Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сенат депутаты сайлауының қорытындылары қаралды - АРҚА АЖАРЫ

Сенат депутаты сайлауының қорытындылары қаралды

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде 2017 жылдың 28 маусымында Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының сайлауын өткізудің қорытындылары қаралды.

  Кеңеске облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері, облыстық департаменттердің, басқармалар мен ведомстволардың  басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе қаралмай тұрып, облыс әкімі жиналғандарды кадрлық өзгерістермен таныстырды. Атап айтқанда, Елбасының 14 маусымдағы Жарлығымен облыстық сот төрағасы болып тағайындалған Досжан Сарманқұлұлы Әміровты жиналғандарға таныстырып, алдағы жұмысына табыс тіледі.
Бұдан кейін сайлау қорытындылары туралы сөз облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділхан Шаяхметовке берілді. Ол өз сөзінде алдымен,  облысымызда Парламент Сенаты депутаттығына сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заң талаптары қатаң сақтала отырып өткізілгендігін атап көрсетті. Облыстық сайлау комиссиясымен Қазақстан Рес-публикасы Парламенті Сенатының депутаттығына бес адам кандидат болып тіркелді. Олардың қатарында Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Дәурен Зекенұлы Әділбеков облыстық мәслихат, Көкшетау қалалық және Целиноград аудандық мәслихаттарымен Сенат депутаттығына үміткер болып ұсынылды.
–Сайлау алдындағы науқан барысында және дауыс беретін күні арыз-шағымдар түскен жоқ. Сайлауда тұңғыш рет таңдаушыларды электрондық тіркеу жүргізілді. Таңдаушылардың бірлескен мәжілісіне ТМД таңдаушылар миссия-сынан, түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық одағы миссиясынан, ТМД парламентаралық ассамблеясынан және Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясынан 11 халықаралық  байқаушы қатысты. Дауыс беруге барлығы 271 депутат немесе депутаттардың жалпы санының 98,19 пайызы қатысты. Таңдаушылардың дауыс беру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидат Д.З.Әділбеков үшін 256 дауыс немесе дауыс берушілердің санынан 94,46 пайыз дауыс берілді. Бұл республикамыздағы ең жоғарғы көрсеткіш, – деді өз сөзінде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.
Үстіміздегі жылдың 30 маусымында Орталық сайлау комиссиясының мәжілісі болып өтті. Оның барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Имашев жаңадан тіркелген Сенат депутаттарына, соның ішінде Ақмола  облысынан сайланған Дәурен Зекенұлы Әділбековке депутаттық куәліктер мен төсбелгілерін тапсырды.
Аппарат кеңесінде облыс әкімі өзінің үстіміздегі жылдың 29 маусымындағы өкімімен Д.Әділбековтің Сенат депутаты болып сайлануына байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылғандығы жөнінде айта келе, оны еліміздің заң шығарушы органындағы жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, табыс тіледі және Алғыс хат тапсырып, сый-сияпат жасады. Бұдан кейін сөз алған Дәурен Әділбеков  өзіне білдірілген зор сенім үшін облыс әкіміне, барлық деңгейдегі депутаттар корпусына зор алғыс сезімін білдіріп, осы сенім мен таңдаушылар үмітін ақтайтындығын жеткізді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.        

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар