Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өндірісте өрлеу бар - АРҚА АЖАРЫ

Өндірісте өрлеу бар

Облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласының бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандарында болып, қолға алынған жұмыстардың барысымен танысты, сондай-ақ, алда тұрған міндеттерді белгіледі.

Облыс әкімі алдымен солтүстік өндіріс аймағындағы «Регион строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, үй құрылысы комбинатының жұмысымен танысты. Өткен жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде пайдалануға берілген кәсіпорында бүгіндері үй құрылысына арналған темір бетон өнімдері, атап айтсақ, төбені жабатын плиталар, іргетас блоктары, қабырға жиектері, бағаналар және басқа да бұйымдар шығарылады. Бұл жөнінде кәсіпорын басшысы Александр Дворцевой хабардар етті.
Мұндағы жобаның жалпы құны – 1 миллиард теңгені құрап отыр. Оның 700 миллион теңгесі 2012 жылы екінші деңгейдегі банк арқылы ұзақ мерзімді қаржыландыру үлгісінде ұсынылған. Кәсіпорын Ұлыбритания, Испания және Италия елдерінен әкелінген құны 600 миллион теңгенің технологиялық қондырғыларымен жабдықталған. Нысанның жобалық қуаттылығы жылына 50 000 шаршы метрден астам тұрғын үйді іске қосуға мүмкіндік бермекші.
Өңір басшысы Сергей Кулагин сол жерде іске қосылған осы кәсіпорынның 2050 жылға дейін Қазақстан дамуының стратегиялық бағыттарына, соның ішінде «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға септігі тиетінін атап өтті. Мұнан соң Застанционный шағын ауданында салынып жатқан 240 орындық бала бақшаның құрылысымен де танысты. Бұл білім ордасының құрылысы 530 544,0 мың теңгеге бағаланып отыр. Қазіргі кезде ғимараттың қабырғалары тұрғызылуда. Қалалық білім бөлімі басшыларының сөзіне қарағанда нысанды сәуір айының соңында пайдалануға беру жоспарланған көрінеді.
Сонымен қатар, облыс әкімі №14 орта мектеп пен «Жарқын» шағын орталығында және «АгроИнтертех» серіктестігінде де болды. Соңғысы «Рамут» Корпорация» серіктестігінің еншілес компаниясы көрінеді. «АгроИнтертех» серіктестігі Қазақстан-Канада біріккен жобасы ретінде еліміздің аумағында AGCO компаниясының ауыл шаруашылығы техникаларын сатып, сервистік қызмет көрсетумен айналысады.  Осы орайда, жұмысын қорытындылаған облыс әкімі Сергей Кулагин өңірде биылғы жылға белгіленген барлық құрылыс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы орындап шығуды шегелеп тұрып тапсырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар