«Технодом» ұлттық сауда желісі «Қазақстанды сүйеміз! Табиғатты сүйеміз!» деген атпен эко-қозғалыс құрды. Компанияның қызметкерлері жыл сайын аталған эко-қозғалыс шеңберінде өздері тұратын қалалардың маңайындағы қоқысты жинау үшін эко-жорыққа шығады.
2015 жылы компанияның 375 қызметкері – 1,5 тонна, ал, 2016 жылы 441 қызметкер – 3 тонна қоқыс жинады. Ағымдағы жылдың 13-14 шілдесінде көкшетаулық компания қызметкерлері Қарағанды қаласынан эстафетаны қабылдап алып, қала маңындағы қоқысты жинауға жұмылды. Олар ұзындығы шамамен 3 шақырым жерді құрайтын Малта тасты шоқысының маңындағы қоқысты жинады.
Эко-жорықты тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қолдап, Малта тасты шоқы аумағын қоқыстан тазарту үшін бағыт белгілеп, қоқысты жинауға арналған полигонға автокөліктердің тегін кіріп-шығуын ұйымдастырды. Эко-жорыққа 72 қызметкер шығады.
«Технодом» компаниясының басшылығы қоршаған ортамызды сақтау және қорғауға бағытталған басқа да эко-жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. 2016 жылы электр-тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және кәдеге жарату үшін Қазақстан Республикасы аумағында 123 арнайы экобокс орнатты.
«Технодом» – электр-тұрмыстық және компьютерлік техника сатумен айналысатын ұлттық сауда желісі. Компания 2002 жылы Алматы қаласында құрылған. Қазақстан Республикасы аумағында 61 дүкені, Қырғызстан Республикасында 2 дүкені жұмыс істейді.
«ТЕХНОДОМ» компаниясының басты міндеті – әрқашан тұтынушыларға жоғары сапалы қызмет көрсете отырып, олардың ойларынан шығу!