Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Сабантой» өтті сәнімен - АРҚА АЖАРЫ

«Сабантой» өтті сәнімен

Елорда күні мен халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрметіне Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда ауқымды шара — татар ұлты өкілдерінің дәстүрлі «Сабантой» мейрамы өтті. Мереке қала тұрғындары мен қонақтарының өміріндегі қос атаулы күнмен орайластырылды.
Салтанатты шарада Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшісі Николай Бочаркин, Татарстан Республикасының мәдениет министрі Марат Сибгатуллин және тағы басқалары сөз сөйлеп,  Астана тұрғындары мен меймандарын биік мінберден ыстық ықыласпен құттықтады. Игі іс белсенділері мен көшбасшыларының бір тобы Астана әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Аталмыш мереке, ұлттық дәстүр бойынша, көктемгі-дала жұмысы тәмамдалған шақта ырыс молшылығы, егін-жеміс өнімділігі тілегімен тойланады.Татар-башқұрт ұлысының өкілдері көпұлтты Қазақстанда ғасырлар бойы барша қауыммен ынтымақ-бірлігін, дәм-тұзын жарастырып, ой-мақсатын, арман-тілегін бір арнаға тоғыстырып келеді. Қазақстанның бүкіл азаматтары тәрізді, бауырлас ұлт өкілдері де өз еңбегі мен білімін егемен мемлекетімізді дамытып-гүлдендіруге арнады, барша қауыммен бірге мемлекет экономикасын нығайтуға үлесін қосуда. Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, Астана қаласында 11 мың татар-башқұрт ұлтының өкілі қоныстанған. Олардың бәрінің ортақ мақсаты мен идеясы ұлт тұтастығының, ел бірлігінің сақталуына септеседі.
Татарстанның Қазақстандағы мәдениет күндері шеңберінде ұйымдастырылған республика өнер шеберлерінің концерті барша жұртшылықтың жүрегіне жол тапты. Ал ұлт мәдениетін, әдет-ғұрпын, өнері мен тұрмысын айшықтайтын көрме екі ел өкілдерін жақындастыруға, бір-бірін өзара толықтыруға септеседі. Астана қаласының «Таң» мәдени орталығының «Дуслық» ансамблінің, Степногорск қаласының «Ладушки» балалар би ансамблінің өнері репертуарды толықтырды. Спорт алаңында ұйымдастырылған балуандар күресі, арқан тарту бәсекесі, ұлттық тағамдар көрмесі – бәрі-бәрі мереке мәртебесін биікке көтерді. Жеңімпаздар ұйымдастыру алқасының жүлдесін иеленді. Біздің өңір делегациясының –Ерейментау қаласындағы «Янарыш»-«Возрождение» мәдени орталығы өкілдерінің Елордаға сапарында бүкіл ойын-сауық, өнер алаңынан көңілге мол әсер түйгені анық.
Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ.
Ерейментау-Астана-Ерейментау.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар