Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәріміздің алған әсеріміз мол - АРҚА АЖАРЫ

Бәріміздің алған әсеріміз мол

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі ашылғаннан бері  күн сайын БАҚ-тардан көрме жайлы тартымды ақпараттарға қанығудамыз. Осындайда өзің де оның  қызығын көргің келеді-ақ.

  Кең пейілді қонақжай қазақ елі төрткүл дүниеге танылумен қатар, бүгінгі күні көрме арқылы ғаламшардың ілтипатына іліккені шынымен мақтан тұтарлық, көңіл толарлық көрініс. Елбасының бірлік пен ынтымақтастықты, шет елдермен татулық пен достықты көздеген бағытын ғаламшарға паш еткеніне осы жүздесуіміз айқын айғақ.
«Жүз естігеннен бір көрген жақсы» демекші, біздің де көрмені тамашалауға аңсарымыз ауды. Ұжымдағы әріптестер өзара ақылдаса келе, арнайы алған билетімізбен он адам Астанаға жолға шықтық. Екі деңгейлі сегіз қабатты ғимаратқа қоныстанған қазақстандық павильонның көркі баршамызды сүйсінтті. Астананың ең шарықтау шыңы ретінде бағалауымызға әбден болады. Ал, жалпы көрменің «Болашақтың энергиясы» атануында да терең мән бар. Келешек тіршілік көзі су, ғарыш, жел, биомасса, кенетикалық энергия екеніне көзіміз жеткендей. Өйткені, табиғи отын қоры уақыты жеткенде сарқылуы мүмкін.
Германия, Монако, Израиль, Оңтүстік Корея, Голландия, Ұлыбритания, Ресей, Франция, Ватикан елінің павильондары көрген жанды қайран қалдырады. Осы күні Израиль, Ватикан, Монако тамаша шоу бағдарламасын ұсынса, Франция өз алаңында маңызды тарихи оқиғаны – Бастилияның азат етілген күнін кеңінен атап өтті. Кешкілікте лазерлі шоудың куәгері болдық. Музыкалы фонтан, ауа райы қолма-қол құбылып тұратын Ұлыбританияның жасанды табиғат әлемі, Ресей павильонындағы Арктиканың мұзтауы (айсберг) шынымен қайран қалдырды. Германиялық әріптестер ереймен өңірінің картасын көз алдымызға келтіргенде сүйсіндік. Өңіріміздегі жел электр стансасының іске қосылу реті, атқаратын қызметі жайында мазмұнды да қызықты жайға қанықтық. «Жібек жолы» плазасында әрбір ұлыс өкілдерінің ұлттық тағамынан дәм татуға, көңіліңіз қалаған кәдесыйын естелік ретінде қолжетімді бағамен алуыңызға болады. Бір күннің ішінде бәрін қамтып аралап шығу мүмкін емес. Әйтсе де бізді шетелдіктердің өзара кішіпейілділік, ізеттілік ниеті, айналадағы жандарға сыйластық көзқарасы, ұстамдылығы қайран қалдырды. Әсіресе, кезегімізді күткен сәтте осы жайттарды анық аңғардық.
Тағы бір артықшылығы, жас балалы аналар, егде адамдар, мүгедектер бөлек есіктен ішке кезексіз енгізіледі. Арнау-лы киім киген сақшылар баршаның тыныштығын, амандығын, жалпы ішкі тәртіпті мұқият назарда ұстап жүр. Астана темір жол вокзалынан тікелей жүретін, тура ЭКСПО павильонына жеткізетін арнаулы бағыттағы автобус легі сапарыңызды жеңілдетуге, жеке уақытыңызды үнемдеуге едәуір сеп. Сөйтіп, сәтімен ұйымдастырылған, барлық ісі ретімен жолға қойылған көрмеден мол әсермен оралдық. Аманшылық болса, тағы бір мәрте аралап қайтсақ деген үмітті ойға берілдік.

«Ерейментау Су Арнасы» кәсіпорнының бір топ қызметкерлері.

Ерейментау ауданы.

 

 

 

1,5 миллион адам тамашалады

 

ЭКСПО көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелді.

 

Кеше күндізгі сағат 12.58-де ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Еске салсақ, 11 шілдеде Астананың математика сабағының мұғалімі ЭКСПО-2017 көрмесінің миллионыншы келушісі атанды.  «Өткен аптада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 285 300 адам келіп, орта есеппен алғанда күніне 40 757 қонақ болған.
10 маусым мен 23 шілде аралығында көрмеге келген келушілердің жалпы саны 1 484 300 адам», –  делінген хабарламада.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар