Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы заң аясында өз жұмысын тоқтатты - АРҚА АЖАРЫ

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы заң аясында өз жұмысын тоқтатты

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сергей Киласьев өткізген баспасөз мәслихатында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жабылу себептері сөз болды.

Халық арасында салауатты өмір салтын насихаттап, жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ болуға, спортпен және дене шынықтырумен айналысуға шақыратын орталықтың жұмысы тоқтатылатыны туралы осыдан екі-үш ай бұрын естіген болатынбыз. Заң жүзінде орталықтың жұмысын нақты тоқтату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулысының негізінде экономикалық қажеттіліктер мақсатында облыс әкімдігі тарапынан шешім қабылданғаннан кейін қолға алынды.
Әкімдіктің қаулысының негізінде және облыстық денсаулық сақтау басқармасының 24 мамырдағы орталықтың жұмысын тоқтату туралы бұйрығына сәйкес салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығын тарату бойынша жұмыстар ұйымдастырылып, оны жабу комиссиясы құрылды. Денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының мәлімдеуінше, Еңбек Кодексінің талаптарына сай облыстық орталықтың директорынан бастап, барлық қызметкерлері ұйымның жабылатыны туралы алдын ала ақпараттандырылған. Сонымен бірге, жұмысшыларға еңбек келісім-шартына сәйкес, яғни, келісім-шарт жұмыс берушінің бастамасымен бұзылғандықтан, оларға бір реттік еңбекақы мөлшерінде өтемақы төленген.
 – Бұл мақсатқа 2,8 миллион теңге қаржы қарастырылып, қазір барлық қызметкерлерге толық төленді. Сондай-ақ, комиссияның шешімімен медицина қызметкері күні кәсіби мерекесінде орталықтың жұмысшыларына да сыйақы тағайындалды, – деді басқарма басшысының орынбасары.  
Ал, орталықтың аудандардағы филиалдарының қызметкерлеріне тоқталатын болсақ, олардың барлығы да орталықта қосымша жұмыс істеп жүрген аудандық ауруханалар мен емханалардың медбикелері. Басқармадан аудандық ауруханалардың бас дәрігерлеріне олардың базасында болған орталықтың жабылатыны туралы хабарланып, орталық қызметкерлерін жұмыспен толық қамту туралы нұсқау беріліпті.  
Облыс орталығында орналасқан орталықтың 12 қызметкері мекеме толық жабылғанша жұмыс істейді. Себебі, олар активтерді денсаулық сақтау саласының басқа мекемелеріне тапсыру үшін материалдық жауапты қызметкерлер.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жабылып қалғанымен, оның қызметі мен міндеттері денсаулық сақтау басқармасының басқа ұйымдарына тапсырылып, жүзеге асырылады. Ол жеткізушіні белгілеу конкурсы нәтижесінде анықталады.
– Орталық қызметкерлері бұл шешімге әрине қарсы болды. Көңілдері толмайтындықтарын да жеткізді. Бірақ, олардың ешқайсысы да жұмыссыз қалған жоқ. Бұдан басқа, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өзінің жеке ғимараты жоқ. Сондықтан, тарату заңына сәйкес оны ешкім де өз  балансына ала алмайды. Олардың қызметтерін аламын деген мекемелерге конкурс ұйымдастырылады, – деді Сергей Киласьев.
Орталық өз жұмысын толық орындап, халықтың үдесінен шыға алды ма деген сауалға басшының орынбасары нақты жауап берген жоқ. Ол қазіргі уақытта орталықтың толық немесе олқы жұмыс істегені, үдеден шыққан-шықпағаны маңызды еместігіне тоқталып, тұрғындардың өздері өз па-
йым-парасаты бойынша бағалайды деп қысқа қайырды.

Ы.ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар