Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қиялымен салып, қаламымен жазып... - АРҚА АЖАРЫ

Қиялымен салып, қаламымен жазып…

Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасында Көкшетау қаласының бұрынғы сәулетшісі Анатолий Никулиннің «Менің армандаған қалам» атты кітабының тұсаукесері болып өтті.

 

Жинақ облыс және қала тұрғындарына арналған.  Онда 1960-1980 жылдардағы Көкшетаудың бейнесі беріледі. Көбіне бір қабатты үйлерден тұратын ат төбеліндей шағын қаланың араға жылдар салып, айрықша ажарланып, зәулім үйлер сап түзеп, жіпке тізілген моншақтай өзіндік өрнекпен көзтартарлық көркемделу дәуірі сипатталады. Жалғыз жылнаманың жылы рәуішті сөзі ғана емес, дәуірдің суреттері де қоса берілген. Бәлкім оқырманның көзіне бірден уақыт аралығындағы үйлесім түскендіктен, есте қалған ескі күндердің елесі сурет арқылы жанданып, кешегі күннің кейпін көз алдыңа әкеледі. Екеуін салыстырып қарайсың. Бірі – өткен күн, бірі – бүгінгі күн. Айтарлықтай айырмашылық бар. Жалғыз Көкшетауда ғана емес, барлық жерде осылай болуға тиісті. Өйткені, уақыттың бір орнында тұрақтап тұрмайтыны тәрізді мыңдаған адам қоныстанған қалалар да жасармақ, жаңғырмақ. Сол жаңару мен жасаруға жанын салып қызмет ететін адамдар шоғыры болады. Ол шоғыр қала басшылары, қиялы жүйрік сәулетшілер, әрненің қыбын табатын жобалаушылар және осы топтың көрікті де көркем ойының нақты көрініске айналуына табаны тастан таймаған тарланбоздай қисапсыз еңбегін сіңіретін құрыш қолды құрылысшылар.
Сәулетші Анатолий Никулин еңбек жолын 1959 жылы Володар астық қабылдау кәсіпорнында қарапайым жұмысшы болып бастады. Қарапайым жұмысшы болып жүрсе де жүйрік қиялда небір ғажайып құрылыс үйлері қабырғаларын көтеріп, шатырын жауып, көз жауын алар сымбатпен елес беріп тұратын. Осы арманды қуған жігерлі жас 1965 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы
институтын сәулетші мамандығы  бойынша оқып бітірді.  Кейін Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында «Целинпроект» мемлекеттік жобалау институтында қызмет істеді. 1967 жылы Көкшетау қаласының сәулет және құрылыс бөліміне жұмысқа орналасты. 1992 жылға дейін бұрынғы Көкшетау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып еңбек етті.
Анатолий Никулин бұрын К.Маркс пен осы күнгі В.Куйбышев, М.Горький көшелері мен Абылайхан даңғылының және Боровской, Юбилейный және Васильковский шағын аудандары атауларының авторы. Көкшенің көркіне көпкөрім үлес қосқан сәулетші қазір Ресейдің Волгоград облысында тұрады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар