Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бүгінгі ғылым мойындап отырған таңғажайып жайлар өмірде болып жатады. - АРҚА АЖАРЫ

Бүгінгі ғылым мойындап отырған таңғажайып жайлар өмірде болып жатады.

Бүгінгі ғылым мойындап отырған таңғажайып жайлар өмірде болып жатады. Біз баяндағалы отырған оқиға Иракта болған екен. Бір мұсылман әйелінің күйеуі қайтыс болып, үш баласымен жесір қалады. Бұрын қызметте болмаған әйел жұмыс іздеп қанша есікті қақса да, таба алмайды. Күнкөріс жағдайы күннен-күнге төмендей береді. Көмектесер адамы жоқ жесір әйелдің отбасы ыстық тамақ ішпей, аштықтан әлсіреп, қатты күйзеліске ұшырайды.

 

Содан бір күні намыс, ұят дегенді балалары үшін жиып қойып, көшедегі бөтен адамдардан көмек сұрап көрмек болады. Сыртқа шығып бірер көше жүргеннен кейін, маңайдағы көп дүкеннің бірінің алдына тоқтаған такси мен одан түскен адамды байқайды. Әйел «Жаңа ғана жолаушыны  түсіргеніне қарағанда, таксистің маған көмектесетін шамасы бар болар, не де болса  көмек сұрайын» деп ойлайды. Рөлдегі Хасан атты жүргізушіге жақын келген әйел: «Алла разылығы үшін көмектесіңізші. Өз басым ғана болса бұлай арымды таптағанша аштан өлуге барар едім. Бірақ, балаларымның аштықтан жылаған көз жасына шыдай алмадым. Балаларым үшін көмек қолын созыңызшы», – дейді көзі жасаурап. Хасанның бір құлағынан шайтан сыбырлап: «Сенің өзіңе көмек керек. Қайыршыларды тыңдап қайтесің? Өздері көбейіп кетіпті. Одан да үйіңе, күтіп отырған әйеліңе бар» – дейді. Бірақ, Хасан иманды жан еді. Әйелдің басына шын қиындық түскенін шарасыз жанарынан ұғынып  «Алла разылығы үшін» деген сөз ібілістің азғыруын жеңеді. Әйелдің сыртқы сипаты да қайыршыға ұқсамайтын еді. Ақыры не керек, қойнынан әмиянын алған Хасан ішінен қомақты соманы алып, әйелдің қолына ұстата салады. Күтпеген байлыққа алғыс айтып та үлгермеген әйел жүріп кеткен машинаның соңынан аңыра қарап тұрып қалады. Есі шыға қуанған ол сол бейтаныс жанға Алланың мейірімін сұрап дұға етумен болады.
Хасан көлігінің әбден желінген дөңгелегін ауыстырсам деп ұзақ уақыт бойы жинаған ақшасын әйелге ұстата салғанын кейін ғана түсінді. Жолдың тайғақтығынан түрлі жол апаттарының орын алып жүргенін білетін әйелі де «дөңгелегіңді ауыстырсаңшы» деп күнде есіне салатын. Сол күні де дөңгелек туралы айтқан әйеліне не дерін білмеді. Әр күні кеште әйелінен сөз ести-ести шаршаған Хасанның шындықты айтуға батылы жетпей, көлігінің дөңгелегін ауыстыруға бір кісімен келіскенін, оның қолы тигенде барып істететінін айтты. Бұны естіп, әйелі  тынышталғандай болды. Бір күні кешке әйелі: «Сені іздеп әлгі келіскен кісің келді. Осы мекен-жайға келсін, көлігінің дөңгелегін ауыстырып беремін деді» – дейді. Мұны естіген Хасан өз құлағына өзі сенбей таң-тамаша қалды. Ешкіммен келіспегені және ақша бермегені өзіне аян. Сонда бұл кісі кім болды екен?
Сөйтіп, ол әйелі айтқан әлгі кісінің мекен-жайына келді. Хасанның алдынан бейтаныс жігіт шығып: «Сен таксист Хасан боласың ба?» деп сұрады. «Иә» деуі мұң екен ол: «Құдай үшін айтшы! Сен не істедің? Үш күн бойы түсіме Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі келіп, сенің дөңгелегіңді ауыстырып беруді бұйыратындай не істедің? Айтшы!» дейді аптыға сөйлеп.
Иә, қайырымдылықтың қарымы Алладан қайтады дегеннің ақиқаттығы осы емес пе…

Интернет материалдары бойынша дайындаған
Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар