Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ортақ мүдде - АРҚА АЖАРЫ

Ортақ мүдде

Облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров пен облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Ғалия Ибраева азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарау тәртібін сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, татуласу рәсімдерін дамыту бойынша іс-әрекеттерді нығайту, сот ісінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі меморандумға қол қойды.
Екіжақты меморандумға сәйкес, сот пен адвокаттар адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде бірлесе және ынтымақтаса әрекет ететін болды. Облыстық сот төрағасы адвокаттарды медиация рәсімдерін енгізу мен дамытуда, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыста және «Сот кабинеті» сервисінің ақпараттық мүмкіндіктерін пайдалануда бірлесе жұмыс істеу белсенділігін арттыруға шақырды. Сондай-ақ, интернет арқылы әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын жағымсыз ақпараттардың таралуына жол бермеу, заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне қатысты негізсіз пікір айтудан тартыну қажеттігі де айтылды. Екіжақты меморандум сот пен адвокаттар жұмысын оңтайлы жүргізуге және өзара ынтымақтаса жұмыс істеуге игі ықпалын тигізеді деген сенім бар.  

Облыстық соттың баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар