Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алысты жақындатып, адам мен жүкті жолда қалдырмайтын сала - АРҚА АЖАРЫ

Алысты жақындатып, адам мен жүкті жолда қалдырмайтын сала

Көлік кешені отандық экономиканың шешуші әрі стратегиялық саласы. Осы сала елдің өнеркәсіп және технологиялық әлеуетін нығайтуға, өңіраралық және халықаралық байланысты дамытуға мол үлесін қосуда. Көліктің сенімді әрі үзіліссіз жұмыс істеуі әлеуметтік маңызға ие. Облыс аумағында автобуспен екі жүзден астам бағытта жолаушылар тасымалданады.

 

Оның ішінде халықаралық, облысаралық, қалаішілік, ауданаралық, ауданішілік бағыттар бар. Он екі бағыт әлеуметтік жағынан маңызды. Биылғы жылы әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдайтын кәсіпорындардың шығынын субсидиялауға 25,8 миллион теңге қарастырылған. Бұл бағыттарға 112 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Көкшетау қаласынан Степногорск қаласы мен он төрт аудан орталығына автобус қатынайды. Тек Ақмол, Егіндікөл, Қорғалжын селоларының жолаушылары Астана қаласы арқылы жүреді. Астана қаласынан Көкшетау, Степногорск қалаларына және барлық аудан орталықтарына автобус жүреді.
Облыстың жүзден астам адам тұратын 521 елді мекенінің 79 пайызы жолаушылар көлігі байланысымен қамтылған. Көкшетау, Щучинск және Степногорск қалаларында автовокзалдар, Атбасар мен Макинск қалаларында автобус бекеттері, Ақкөл, Степняк, Ерейментау, Есіл қалалары мен Астраханка селоларында автобус бекеттері  жұмыс істейді. Қоғамдық көлік жұмысының сапасын жақсарту мақсатында GPS/ГЛОНАСС навигациялық аспабы бо-
йынша автобустарды диспетчерлік қадағалау енгізілуде. Аспап көмегімен қалаішілік және қалааралық  бағыттарда жүретін автобустар бақыланады. Бүгінгі таңда бұл жүйе Көкшетау мен Щучинск қалаларында жұмыс істейді. Келісім-шарт жағдайындағы бұл мақсатта кәсіпорындар автобустар мен шағын автобустарды уақытылы жаңартып тұрулары тиіс.
«Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының «Ақмола бөлімшесі – Жүк тасымалы» филиалы Солтүстік Қазақстанның үш ірі өңіріне қызмет көрсетіп, Ресейдің Оңтүстік Орал темір жол бойындағы Петропавл, Пресногорьков және Қарағандының Новоишим, Едіге, Сороковая, Есіл станцияларымен, Павлодар мен Қостанай бөлімшелерінің жүк тасымалымен шектеседі. Жолаушылар мен жүк Сороковая – Астана – Көкшетау – Новоишим–Пресногорьков  учаскелерінде электровозбен, Петропавл–Көкшетау –Қызылту учаскелерінде тепловозбен тасымалданады. Бөлімшеде он үш мыңнан астам адам жұмыс істейді. Биылғы жылы «Астана-Нұрлы жол» жаңа вокзал кешені ашылды. Вокзал алты қабаттан тұрады. Үшінші қабаттың ішіне поездар кіреді. Төртінші қабатта билет сататын кассалар, анықтама бөлімшесі, билет сатып алатын электрондық терминалдар, бесінші қабатта фудкорттар, алтыншы қабатта әкімшілік бөлім орналасқан. Сондай-ақ, вокзалда ыңғайлы сақтау камералары, ана мен бала бөлмелері, медициналық кабинеттер, күту залы, меймандар бөлмелері, VIP және мүмкіндігі шектеулі жандардың залы, 740 автокөлікке арналған паркинг, автотұрақ бар. Жаңа вокзал тәулігіне елуден астам пойызға қызмет көрсетеді. Оның 22-сі «Тальго» жүрдек пойызы. Еліміздің экономикасы мен тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыруда, ішкі және сыртқы сауда қатынасын, туризм саласын дамытуда әуе қатынасының маңызы зор. Көкшетау әуежайы кең байтақ елімізде әлеуметтік, саяси және экономикалық маңызға ие. Әуежай Щучинск-Бурабай курортты аумағын дамытуға септігін тигізуде. Бүгінгі таңда Көкшетау әуежайынан «Көкшетау-Алматы-Көкшетау», «Көкшетау-Ақтау-Көкшетау», «Көкшетау-Шымкент-Көкшетау» әуе бағыттары бойынша жолау-шылар тасымалданады. Биылғы жылдың мамырынан бастап «Көкшетау-Мәскеу» халықаралық әуе қатынасы қалпына келтірілді. Сондай-ақ, «Көкшетау-Тюмень», «Көкшетау-Омбы» жаңа халықаралық әуе бағыттарын ұйымдастыру жоспарлануда. Көлік қызметкерлерінің күнін жүк автокөлігі мен жолаушылар тасымалдайтын кәсіпорындардың басшылары мен инженерлері, бұл саланың ғалымдары мен оқу орындарының оқытушылары, техниктер мен қызметкерлер, жүргізушілер мен жөндеушілер атап өтеді. Сала алдында тұрған міндеттерді шешуде бұл мамандыққа өмірлерінің ең жақсы жылдарын арнаған автокөлік, темір жол және әуе салалары ардагерлерінің тәжірибесі құнды.  Қазір көлік салаларының жұмысы жауапкершілікті талап етеді. Өндірістік үрдісті оңтайландыру үшін жаңа әдістер мен резервтерді іздеу қажет. Тасымалдаушылар кез келген уақыт пен ауа райына қарамай, жолаушылар мен жүкті мерзімінде жеткізулері тиіс. Бүгінгі таңда көлік тасымалынсыз экономиканың тұрақтылығы мен еліміздің, оның ішінде ақмолалық тұрғындардың күнделікті өмірін елестету мүмкін емес. Сіздердің алға қойған міндеттер мен тасымалдауды ойдағыдай орындайтындарыңызға сенімдімін. Ал, жинақталған тәжірибе, даңқты еңбек дәстүрі, нақты мемлекеттік қолдау алға қойған мақсаттарға жетуге көмектеседі.

Жоламан БАҚЫШЕВ,
облыстық жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары
басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар