Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бюджет қаржысын үнемдеуге септеседі - АРҚА АЖАРЫ

Бюджет қаржысын үнемдеуге септеседі

«Жасыл болашақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік және кәсіпкерлік саласы нысандарында қуат үнемдеу мен қуат тиімділігін арттыруды мемлекет тарапынан қолдау тетіктері» тақырыбында конференция болып өтті.

 

Конференцияға осы сала бойынша құзырлы органдардың мамандарымен бірге білім, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік салаларының өкілдері де қатысты.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының «Жоғары технологияларды дамыту» сайлауалды бағдарламасының өңірлік партиялық кураторы, облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Сұлтановтың айтуынша, облыс бюджетінің 54 пайызын құрайтын білім және денсаулық сақтау саласының нысандары қуат үнемдегіш технологияны мүлдем дерлік пайдаланбайды. Тендер өткізгенде бағасы арзан деп жүз елу теңгенің электр лампасына тапсырыс беріліп жатады. Шындығында, екі-үш аптадан кейін күйіп кететін мұндай лампалардың жалпы бағасы электр үнемдегіш лампалармен салыстырғанда әлдеқайда қымбатқа түседі. Осылайша қаншама бюджет қаржысы желге ұшып жатыр. Осы орайда, қуат үнемдегіш лампаларға көшудің маңызы зор.
Қазақстан Республикасы Инвестиция-лар және даму министрлігі жанындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын басқару және дамыту орталығының директоры Дархан Құрманбаев елімізде қуат үнемдеу технологиясын қолдану бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында баяндап берді. Қарағанды облысындағы екі жүзден астам мектеп қуат үнемдегіш лампаларды пайдалануға көшіпті. Басқа өңірлердегі жағдай да біршама жақсы. Өкінішке орай, астаналық өңірдің бірде-бір мектебі, не денсаулық сақтау мекемесі қуат үнемдегіш лампаға көшпей, өткен ғасырдағы «Ильич шамын» пайдалануда. Бір қарағанда бұл ұсақ-түйек сияқты есептелгенімен, шындығында бюджеттің миллиондаған қаржысы желге ұшып жатыр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын басқару және дамыту орталығының директоры мектептер мен денсаулық сақтау мекемелерінің қуат үнемдегіш лампаларды орталық арқылы келісім-шарт негізінде қалай сатып алуға болатыны жөнінде айтты. Бұл үшін орталықтың сайтына тіркеліп, сол арқылы тапсырыс берсе жеткілікті екен.
Конференция барысында Астанадан арнайы келген мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын басқару және дамыту орталығының директоры Дархан Құрманбаевқа қуат үнемдегіш технологияға көшуге байланысты көптеген сауалдар қойылды. Облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Сұлтанов әлеуметтік нысандардың арасында қуат үнемдегіш технологияға көшуге деген ынтаның төмендігі өңірімізде бұл бағытта  түсіндіру, насихат жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуінен болып отырғандығын айта келе, осы бағытта жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар