Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Танымы зор тағылымды шара - АРҚА АЖАРЫ

Танымы зор тағылымды шара

Таяуда Қазақстанның Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Жалпы білім беру мазмұнының жаңартылуы» атты тақырыпта білім  беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында танымы мол тағылымды шара болып өтті.

Ақмола облысында білім берудің жаңартылған мазмұнын жүзеге асырып жүрген мектептер үшін аймақтық әдістемелік орталық болған Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне аймақтағы жалпы білім беретін мектептердің мыңға тарта педагогтары жиналды.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған кестесіне сәйкес алдағы оқу жылында республиканың барлық бірінші, екінші, бесінші, жетінші сыныптарында орта білім берудің жаңа моделі енгізіледі. Сондықтан да, биылғы тамыз конференциясының басты тақырыбы – 2, 5, 7 сынып пәндеріндегі жаңартылған білім беру жөніндегі оқу бағдарламасының ерекшеліктері туралы болып отыр.
Осыған орай,  облыс орталығындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері жаңартылған білім берудің, сындық бағалаудың және бастауыш мектептерде оқытудың ерекшеліктері жөнінде тренингтер мен шеберлік сыныптар өткізді. Жалпы жиынның басты мақсаты білім беру процесін сапалы әдістемелік тұрғыдан демеуге және отбасы қауымдастығы мен мұғалімдер арасындағы жедел қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған. Конференция аясында екінші, бесінші және жетінші сыныптардың бағдарламасының 17 пәні бойынша шеберлік сыныптары өткізілді. Жалпы, білім беретін мектептерден келген  мұғалімдер кіріктірілген білім беру бағдарламалары мен оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалаудың ерекшелігімен танысып, аталмыш мектеп мұғалімдері өз тәжірибелерін ортаға салды. Бір атап өтерлігі, облысымыздың барлық аудандарынан келген ұстаздарға конференцияның материалдары мен көрмеге қойылған әдістемелік нұсқауларды жүктеп алуға арналған орын да қарастырылыпты. Сонымен қатар, оқу-әдістемелік әдебиеттерді сататын көрме де ұйымдастырылған.
Конференция барысында білім беру мазмұнының жаңартылуының ерекшеліктері, сонымен қатар, мектеп өмірінің жаңашылдығындағы мұғалім рөлі туралы Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Зульфия Уразбекова баяндады. Айта кету керек, республиканың зияткерлік мектептері тарапынан «Жүйелі-әдістемелік кешен» атты онлайн-тұғырнамасы әзірленген болатын. Ол мектеп мұғалімдеріне әлеуметтік желі арқылы сабақ жоспарының, бағалау жүйесі бойынша әдістемелік ұсыныстар мен практикалық тапсырмалардың үлгілерін, аудио, бейне материалдарды кез келген уақытта жүктеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, облыс орталығындағы №1 орта мектебінде білім берудің жаңартылған мазмұнын бірінші болып енгізген, облыстың пилоттық мектептері тренерлерінің қатысуымен бастауыш сыныптың бағдарламасы бойынша секциялық отырыстар ұйымдастырылды.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар