Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнімі өтіп, өрісі кеңеюде - АРҚА АЖАРЫ

Өнімі өтіп, өрісі кеңеюде

Төрт жылдан бері Бозайғыр ауылдық округінде жұмыс істеп келе жатқан «Тұран Индастри» серіктестігі гранит тастан құрылыс материалдарын шығарады.

Гранит тастар кәсіпорынға Алматы мен Жамбыл облыстарының және Қырғызстанның тас карьерлерінен темір жол арқылы тасымалданады. Әр тастың салмағы екі және жеті тонна аралығында. Бұл тастар үлкен станоктарда кесіліп, өңделеді. Өткен жылы кәсіпорын
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің тапсырысы бойынша құрылыс материалдарын дайындапты. Ол кезде ұжымда қырық шақты адам жұмыс істеген. Серіктестіктің өндіріс меңгерушісі Делшот Құрбансүпиев өз сөзінде биылғы жылдың көктемінде Екатеринбург қаласында өткен жәрмеңкеге қатысқандарын айтып өтті.
– Биыл Ресей рыногына шығуды жос-парлап отырмыз. Бұл елдегі құрылыс компанияларынан екі тапсырыс алдық. Қазір Жекен Жәнібектің  бригадасы осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Осыдан екі жыл бұрын Тараз қаласының 500 жылдық мерейтойына орай, көптеген тапсырыс-тарды орындадық. Биылғы жылы гранит тастың қалдықтарын өңдеуді қолға алып, құм да шығаратын болдық. Қырғызстаннан тасымалданатын травертин тасын кесіп, әртүрлі шақпақтастар жасап шығарамыз. Бұл шақпақтастар қабырғалардың сыртын әшекейлеуге пайдаланылады. Өзге де гранит тастардан жасалған шақпақтастар құрылыста пайданылады, – дейді өндіріс меңгерушісі. Біз тас кесу цехында биіктігі төрт метрге жақын станоктарды көрдік. Станоктар тәулік бойы бір тоқтамайтын көрінеді. Осы цехта бригадир Жекен Жәнібекті жолықтырып әңгімеге тарттық.
– Негізінен гранит таспен жұмыс істейміз. Станоктар мен қондырғылардың бәрі Қытайдан сатып алынған. Бұл цехта үлкен тастар кесіледі. Тас кесетін станоктарда Сәрсенбай Ерғалиев пен Сергей Борончихан ауысымдық мезгілмен он екі сағаттан жұмыс істейді. Сөйтіп, тәулігіне 800 шаршы метр шақпақтас шығарылады. Келесі цехта тастың үстіңгі  беті тегістеледі,–дейді бригадир. Мұнда бос жүрген адамды көрмейсіз. Бәрі өз жұмыстарымен айналысуда. Цех шебері Құрман Бағдардың айтуынша, мұнда оюлы шақпақтастар да шығарылатын көрінеді. Астана қаласында жекеменшік үй салып жатқан адамдар да осы кәсіпорынға тапсырыс береді. Соңғы жылдары тапсырыс берушілер саны күрт өскен.
– Ресейдің екі-үш қаласына екі мың шаршы метр шақпақтасты экспортқа шығардық. Тас кесу көп уақыт алатындықтан, станоктарды тәулік бойы тоқтатпаймыз. Өзімізде жүк тасымалдайтын техника паркі бар. Астаналық тапсырыс берушілердің затын өзіміз жеткізіп береміз,–дейді цех шебері.

Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар