Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түзеу мекемесіндегі қажетті шара - АРҚА АЖАРЫ

Түзеу мекемесіндегі қажетті шара

Кеңес заманында жабық мекеме саналатын түзеу мекемелері еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда уақыт талабына сай көп өзгерістерге ұшырады. Ең алдымен, олар өз жұмыстарын ашық жүргізіп, сотталған азаматтарды түзейтін орынға айнала бастады. 

Ақмола облыстық қылмыстық атқару жүйесі  департаменті таяуда ашық есік күнін өткізді. Аты айтып тұрғандай, бұл күні түзеу мекемелерінің есігі сотталғандардың туыстары мен таныстарына және түрлі қоғамдық ұйымдарға айқара ашылды. Аталмыш шараға БАҚ өкілдері де шақырылды. Ашық есік күні ЕЦ 166/18 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 17 сотталған адамға 40-тан астам туыстары мен жақындары келіп, қуана қауышып, арқа-жарқа әңгімелесіп бір жасап қалғандай болды. Әдетте, мұндай кездесулер тек өздерін жақсы қырынан көрсеткен жазасын өтеушілерге ғана рұқсат етіледі. Бұл бір жағынан, сотталғандарды ішкі тәртіпті қатаң сақтауға, солай жасау арқылы туыстарымен кездесуге мүмкіндік алуға ынталандырады.
Түзеу мекемесінде өткен кездесуді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Азамат Сүлейменов ашып, сотталғандарды ұстау тәртібі мен оларға жасалып жатқан жағдайлар туралы жан-жақты айтып берді. Бұдан кейін кездесуге келгендер жазасын өтеп жатқан туыстарымен кездесіп, әкелген сәлем-сауқаттарын беріп, қуанысып қалды. Кездесуге келгендерге түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерді қандай жағдайда ұсталатындығы көрсетіліп, шағын саяхат ұйымдастырылды. Қонақтар сондай-ақ, сотталғандардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдары мен сурет көрмесін көріп тамашалады және мекеме жанындағы кәсіптік оқу орнының жұмысын көрді.
Бұдан кейін жазасын өтеушілерден құралған көркемөнерпаздар тобы өз концерттерін ұсынды. Ашық есік күні кездесуге келген туыстары үшін де, сотталғандар үшін де есте қаларлықтай тамаша көңіл-күй сыйлаған жақсы шара болып өтті. Айта кетерлігі, осындай ашық есік күндері облыс аумағында орналасқан барлық түзеу мекемелерінде тоқсан сайын өткізіліп тұрады.
Гүлнәр ОСМАНОВА,
қылмыстық атқару жүйесі департаментінің сотталғандармен тәрбие жұмыстары бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар