Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғамдық тәртіпті қадағалайды - АРҚА АЖАРЫ

Қоғамдық тәртіпті қадағалайды

Облыста қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарына мемлекеттік емес құрылымдар да тартылуда. Негізінен түрлі нысандарды күзету қызметін мойындарына алған мұндай ұйымдар полициямен бірге көше тәртібін сақтау, қылмыстың алдын алу шараларына белсене қатысуда. 

Бүгінгі күні облыс аумағында күзет қызметімен айналысатын 144 мекеме бар. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде көше тәртібін сақтау ісіне қатысатын осындай мемлекеттік емес мекемелердің қызметкерлері радиотелефон, басқа да қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. «Күзет қызметі туралы» ҚР Заңына сай, күзет мекемелерінің қызметкерлері құқық қорғау органдарына қоғамдық орындарда тыныштық сақтау ісіне көмектесуіне құқығы бар. Биылғы жылы облыста 22 жекеменшік күзет мекемелері осындай қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау қызметіне тартылды. Күзет мекемелерінің қызметкерлері өздеріне бекітілген учаскелерде кезекшілік атқарып, көше тәртібін сақтауға атсалысады.
Қазіргі күні облыс бойынша полицияға көмекші болып жүрген күзет мекемесі қызметкерлерінің саны – 317.  Жыл басынан бері күзет мекемесі қызметкерлері полициямен бірлесіп бес қылмысты ашқан. Олардың қатарында алаяқтық, тонау, ұрлық және есірткі сату сияқты қылмыстар бар. Оған қоса, 60 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жазықтылар заң шеңберінде жазаға тартылды.  
Күзет мекемелері қызметкерлерінің жалақылары анау айтқандай жоғары емес. Соған қарамастан, өз жұмыстарына қоса, қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты ауыр да жауапты міндетті мойындарына алған оларға ішкі істер органы мүмкіндігіне қарай ақшалай, заттай сыйлық  ретінде ынталандыру жағдайларын жасауға жете көңіл бөліп отырады.
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар