Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алыс қашықтықтарға да жүгірді - АРҚА АЖАРЫ

Алыс қашықтықтарға да жүгірді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Белый Блоггер» қоғамдық бірлестігі Көкшетау қаласында Конституция күніне арнап жүгіруден жастар арасында жарыс өткізді. 

«Жастар нашақорлыққа қарсы» деген ұранмен өткен бұл спорттық шара қаладағы Горький көшесінің бойындағы «Reindeer Park» аумағынан бастау алды. Ашылу салтанатында сөз алған  Көкшетау қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры Әлімжан Молдағалиев, спорт ардагері Валерий Сагайдачный, «Белый Блоггер» қоғамдық бірлестігінің президенті Ерлаз Жайықбаев, «Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Данияр Сәдуақасов қатысушыларды Ата Заңымыздың қабылданған күнімен құттықтап, әркез салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
 Жасы он төрттен асқан көкшетаулықтар бұл күні жарысқа қатысуға көптеп тілек білдіріп жатты. Мерекелік таңды сергек бастап, шараның ашылу салтанатында орындалған еліміздің Мемлекеттік Әнұранымен жігерленген  жерлестеріміз 1,6 және 5, 10 шақырым қашықтықтарды қиналмай еңсеріп шықты.
1,6 шақырым қашықтыққа жүгіруден ерлер арасында Дауылбек Әділбеков, Роман Власов, Никита Шадский бірінші, екінші және үшінші орындарды өзара бөліссе, осы қашықтықта әйелдер арасында Регина Максимова, Алена Солопова, Влада Кныш жеңімпаз деп танылды. Ал, Біржан Тәбірхан, Асылбек Қабылдин, Артем Нездоймин, сондай-ақ, Елена Гудымяк, Жайнагүл Сағындықова, Әлемгүл Сабырхан 5 шақырым қашықтықты жылдам жүгіріп өтіп, жүлделі орындарға қол жеткізді. Жарыстың ең ұзақ жолы 10 шақырымды жүгіруге жүрексінбей, батылдық танытқан және соны оңай бағындырып келген Саша Беспалов, Асқар Жаңабергенов, Диас Мұхамеджанов, әйелдер арасынан Нарғыз Ұзақбаева, Раиса Пачковская, Ғайша Омарованың есімдерін де ерекше атап өткіміз келеді.  Оларға арнайы сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.    
«Жігер» жас мемлекеттік қызметшілер клубы» жастар қоғамдық бірлестігі, «IRON CITY KOKSHETAU», «Көкше велоқауымдастығы» клубтары да азаматтардың туған жерге деген махаббатын, патриоттық сезімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған спорттық шараның басы-қасында жүрді. Осындай іс-шараларға мемлекеттік қызметшілер мен қарапайым тұрғындарды тарту арқылы көпшіліктің мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттырып, белсенді азаматтық көзқарас қалыптастыра аламыз
дейді жарыс ұйымдастырушылары.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар