Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауырғанша, ауырмайтын жол ізде - АРҚА АЖАРЫ

Ауырғанша, ауырмайтын жол ізде

Аудан орталығында «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мен және менің жүрегім» атты іс-шара өтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, күн сайын әлемде қан айналымы жүйесі ауруларынан жүздеген адам қаза табады екен. Мәселен, 2013 жылы инсульттан 6,5 миллион адам көз жұмған. Әсіресе, ишемиялық, геморрагикалық инсульт белең алуда. Өкініштісі, жылдан-жылға ауру түрлері жас талғамай, өрімдей жастардың өмірі де қыршыннан қиылуда.
«Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қорының облыстық денсаулық сақтау басқармасының әлеуметтік тапсырысы шеңберінде өткізген кездесуі кезінде аудан тұрғындарына қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу үшін не істеу қажеттігі, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Мұндай дертке душар болмау үшін адам өзінің артериялық қан қысымын күнделікті өлшеп, үнемі дене шынықтыру жаттығуларын жасағаны, темекі, алкоголь секілді денсаулыққа зиян келтіретін улы заттардан бойын аулақ ұстағаны абзал.
Екі күнге созылған шара барысында ақкөлдіктер аталған дерттен қалай сақтану қажеттігі туралы біраз мәліметтер алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.  
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар