Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қысқа қапысыз қамдану қажет - АРҚА АЖАРЫ

Қысқа қапысыз қамдану қажет

–Басты міндет жылу беру маусымына мұқият дайындалу. Ол үшін барлық мүмкіндікті жұмылдыра отырып, тиісті  шараларды уақытылы жүзеге асыруымыз керек, – деді сала басшыларының баяндамаларын тыңдай келе, облыс әкімі Мәлік Мырзалин.

Әкімдіктің кезекті отырысында облыстағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының және әлеуметтік салалардың қысқа дайындығы  сондай-ақ, архитектуралық құрылыс бақылау саласының тынысы таразы басына тартылды. Орын алып отырған кемшіліктерді жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Алдымен, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Виктор Радченко сөз алып,    әкімдіктің қаулысына сәйкес күзгі-қысқы дайындық жұмыстары қыркүйектің 15-іне дейін толық аяқталуға тиісті болғанымен, әзірге кемшін түсіп жатқан шаруаның бар екендігін де айтып өтті. Мәселен, облыс бойынша қазандықтардың 92 пайызы ғана дайын. Білім мекемелері 100 пайыз, денсаулық сақтау мекемелері 99 пайыз дайын болса, тұрғын үйлердің дайындығы 95 пайызды құрап отыр. Баяндамашы өз сөзінде жауапты науқанға жете дайындық жасай алмай отырған қалалар мен аудандарды да атап өтті. Мәселен, Көкшетау және Степногорск қалаларында қазандықты жөндеу көрсеткіші облыстық деңгейден әлдеқайда төмен. Бар болғаны 83 пайыз жұмыс атқарылған. Ал, Атбасар ауданында бұл жұмыс 82 пайыз ғана. Сондай-ақ, Бурабай ауданында жылу жүйесін жөндеу небары 55 пайыз жүзеге асырылған. Степногорск қаласында 72, Астрахан ауданында 80 пайыз. Сандықтау ауданында да олқылықтар бар. Мәселен, су жүйесінің 12,7 шақырымына жөндеу жүргізілу жоспарланса, күні бүгінгіге дейін оның бір шақырымы да жөнделмеген. Тағы бір өзекті мәселе дебиторлық қарыз. Облыс орталығында мұндай қарыз мөлшері – 497,1 миллион, Степногорскіде – 395,3 миллион, Атбасар ауданында – 137,2 миллион, Бурабайда – 248,1 миллион және Целиноград ауданында – 66,2 миллион теңгені құрап отыр. Коммуналдық кәсіпорындардың да несиелік берешегі аз емес. Бұл орайда, көш басында «Көкшетау Жылу» кәсіпорны тұр. Олардың қарызы 643,6 миллион теңге. Ал, «Атбасар су» кәсіпорнынікі 347,9 миллион теңге.    
–Аудан әкімдері қысқа мерзім ішінде тұрғын үйлер мен нысандарды жылумен қамтамасыз ету жоспарын сөзсіз орындауы керек,–деді Мәлік Мырзалин,–қалалар мен аудан әкімдеріне барлық балабақшалар мен мектептерге, ауруханаларға қыркүйектің 25-інен бастап жылу берілуі керектігін қадап тапсырды. Сондай-ақ, дебиторлық қарызды жоюға да назар аударылды.
Өңір басшысы қалалар мен аудан әкімдеріне жылу беру маусымына дайындыққа жауап беретіндіктерін ескертті.   
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Нұржан Мұқанов өз мекемесінің негізгі міндеттерінің бірі – құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау жасау екендігін айта келіп, өтініштерге орай жүргізілген жоспардан тыс тексерістер өткізілгенін баяндап берді. Жыл басынан бері бір ұйым, 11 сарапшы соттың шешімімен үш жылға аттестаттарынан айырылған. Нұржан Мұқанов құрылыстағы сапасыздық жөнінде айта келіп, нақты мысалдар келтірді. Мәселен, Макинск қаласындағы 18 пәтерлік үй мен Щучинск қаласындағы 100 пәтерлік тұрғын үйді салу барысында бірқатар қателіктерге жол берілген. Тіпті, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде жобалық-сметалық құжаттардың өзі сапалы дайындалмағандығы анықталған. Бұған мысал ретінде, облыс орталығындағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің қосалқы құрылысын, 35 және 45 пәтерлік тұрғын үйлерді келтіре кетуге болады.
Баяндамашы бұл саладағы түйткілді мәселенің бірі үлестік құрылыс саласында орын алып отырғандығын қадап айтты. Мұның нақты мысалы, Көкшетау қаласындағы Сәтпаев көшесіндегі 18 пәтерлік тұрғын үй. Тұрғын үйді салушы «Кан Сам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Облыс басшысы әкімдік отырысын түйіндей келе, мемлекеттік сәулет-құрылыс саласындағы бақылау жұмысын күшейту туралы тапсырма берді. Бұл мәселе жалғыз облыс орталығына ғана емес, қала мен аудан әкімдіктеріне де қатысты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар