Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сапа жағынан ұтпақшы - АРҚА АЖАРЫ

Сапа жағынан ұтпақшы

Биылғы көктемде егіндікөлдік диқандар барлығы 323, 6 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар тұқымын сіңірген болатын.

Оның 316 мың гектары бидай, 5581 гектары арпа, 778 гектары сұлы және 251 гектары зығыр. Көктемгі мол ылғал мен жаздағы ыстықтың арқасында егін тез жетіліп, ерте пісті. Сол себепті, биыл аудан диқандары орақ науқанын жылдағыдай кешіктірмей ерте бастап кетті. Бүгінгі күнге дейін ауданда бүкіл дәнді дақылдардың жартысынан астамы, яғни, 71,4 пайызына жуығы жинап алынды.  Әзірге гектар түсімі аудан бойынша орта есеппен 7,4 центнерден айналуда. Алдағы жылдың қамын осы бастан ойлаған шаруашылықтар тұқым қорын құйып алуға да жете көңіл бөлуде. «АСКОП», «Ушаково-Агро» және «Агростиль-Г» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері әр гектардан 9-10 центнерден астам астық жинауда.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қабыкен Шынтеміровтың айтуына қарағанда, диқандар тәулігіне  бір мың гектардан астам алқаптың егінін бастыруда. Жауапты шақта «Алтын дән шаруа», «Шарафутдинов және К», «Ушаково-Агро» тәрізді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері дала төсіндегі дүбірлі еңбек көрігін қыздырып,  жұмысты қарқынды жүргізуде.
Аслан ОСПАНОВ.
Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар