Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәжіліс депутаттарының жұмыс сапары - АРҚА АЖАРЫ

Мәжіліс депутаттарының жұмыс сапары

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті  Мәжілісінің бір топ депутаттарын қабылдады. Негізінен түзеу мекемелеріндегі жағдаймен, заңдылықтардың сақталуымен  танысу мақсатында келген халық қалаулыларының арасында Айгүл Нұркина, Сауытбек Абдрахманов, Павел Казанцев, Ирина Унжакова сияқты Мәжіліс депутаттары бар.

Аймақ басшысы жұмыс барысында бұрын да талай жүздесіп жүрген сіздермен кездескеніме қуаныштымын дей келе, сегіз айдың қорытындысы бойынша астаналық облыста барлық сала бойынша ілгерілеушіліктердің болғандығын атап өтті.
– Бүгінгі күні облыс аграршылары үшін аса маңызды егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Қазіргі күнге дейін облыс диқандары барлық егістіктің 80 пайызын дестеге салып, 3,6 миллион тонна астық бастырды. Гектар түсімі  10,6 центнерден айналуда. Астық түсімі ғана емес, оның сапасы да жоғары болып отыр. Өткен жылы үшінші класты бидай бар астықтың  65 пайызын құраса, биыл ол  85 пайыздың үстінде. Яғни, сапалы астықтың бағасы да жоғары болмақ, – деген аймақ басшысы облысымызға келген халық қалаулыларының жұмыс сапарына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік  әлжуаз топтарды қолдау жөніндегі комиссияның төрайымы Айгүл Нұркина астаналық облыста бірінші рет болып отырғандығын айтып, Көкшетаудың іргесінде орналасқан түзеу мекемесіндегі сотталғандарды ұстау, жұмыспен қамту, бостандыққа шыққаннан кейін еңбекке орналастыру сияқты жайлармен танысатындықтарын мәлімдеді. Халық қалаулысының айтуын-ша, таяуда өтетін Үкімет сағатында  пробациялық заңнамалардың орындалу мәселесі талқыланбақшы екен.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар