Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының актрисасы Марал ТӘУЕКЕЛОВА: «Қатал көрерменнің сүйікті театры болу оңай емес!» - АРҚА АЖАРЫ

Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының актрисасы Марал ТӘУЕКЕЛОВА: «Қатал көрерменнің сүйікті театры болу оңай емес!»

Таяуда біздің тілшіміз облыс орталығына шығармашылық сапармен келген театр актрисасы Марал Тәуекеловаға жолығып, әңгімелескен болатын.

–Алматы мемлекеттік қуыршақ
театры қандай театр, өзге әріптестері нен артықшылығы неде, несімен ерекше?
–Біздің Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының тарихы ғасырға жуық. Биыл театрымызға 83 жыл толып, 83-ші маусымымызды кішкентай көрермендеріміз үшін айқара аштық.Үлкендердің театрынан айырмамыз, бізде басты кейіпкер актер емес, басты кейіпкер қуыршақ. Ерекшелігі де осында, яғни, қуыршақтарда. Жандының жансызға жан бітіруі, өз кейіпкерінің ішкі жан дүниесін ашып, қуыршақтың бейнесіне сіңіруі, бұл қуыршақ театры актерінің аса жауапты міндеті. Мектеп бүлдіршінді болашаққа қанат қағуға қаншалықты дайындаса, біздің театр да, үлкен драма театр үшін болашақ көрерменді дәл солай дайындайды. Егер де біздің театрға келген балаға барымызды, өнерімізді, жан дүниемізді, кейіпкердің шынайы бейнесін қуыршақ арқылы ойнатып жеткізе алмасақ, ол бала болашақта драма театрының табалдырығын аттамайды.
–Қуыршақ театрының репертуары қандай, ол қалай таңдалады?
–Қуыршақ театрының репертуары әлемдік классикалық, орыс халқының ертегілерімен, бастысы қазақ ертегілерінің желісінде жазылған 30-дан астам драматургиялық шығармалармен байытылған, заманауи модеріннен қалыс қалмай, мүмкіндік болса жаңа мультфильмдердің кейіпкерлерімен де үнемі дерлік толықтырып отыруға тырысудамыз. Мәселен, біздің жаңа қойылымымыз ретінде Жақып Омаровтың «Құлыншақ пен Бөлтірік» пьесасын айтуға болады. Қойылымның балаға берері мол, ұғындырары ұшан-теңіз. Жалғыз бұл қойылым емес, театрдың әрбір репертуарының көтерген жүгі бір емес, мың атанға жүк боларлық. Неге десеңіз, бәрінің баланы баулитын тұсы мен тәрбиелік тағылымы бар.
–Театр ұжымы, қуыршақтарыңыз, жеткен жетістіктеріңіз туралы айтып өтсеңіз?
–Біздің театрымыздың актерлік құрамы 30 адамнан тұрады, соның 15-сі Көкшетауға гастрольдік сапармен келіп отыр. Өзіңіз де білетін шығарсыз, біздер қуыршақтарға тәуелдіміз. Олар біздегі ең күрделі, ең бірінші актерлер. Репертуарымыз да соларға қарап таңдалатынын жасырмаймыз. Ал, оларды жасау, қиын дүние. Жасайтын маман тағы жетіспейді. Кейде бір қойылым екі айдан, алты айға дейін дайындалатын уақыттар болады. Оның себебі, осы қуыршақтардың уақытылы жасалып бітпейтіндігінде. Театрдың шешілмей келе жатқан басты мәселесі де осы. Жетістік жағына келсек, ол бізде көп. Соның ішінде ауыз толтырып айтатынымыз, қуыршақ театрлары арасында өтетін Халықаралық дәстүрлі «Ортеке» фестивалінің Бас жүлдесі қанжығамызға байланған, екі актеріміз «Еңлік гүлді» алған, қалған жетістіктердің тағысы тағы бар, алсаң табылар дегендей. Жеке өз басым, үш-төрт кісі бірігіп шеше қоятын орындар мен сыйлықтарды ұнатпаймын, саф өнер олай өлшенбесе керек-ті.
–Қуыршақ театрының актерлері екінші деңгейдегі актерлер деген сөзді де естіп жатамыз, осы жөнінде не айтасыз?
–Мен бұл пікірмен ешқашан келіспеймін. Себебі, біздің көрермен, ең қатал көрермен. Сынның шынын айтар көрермен. Бала үлкендердей жалған айта алмайды, шынайы эмоциясын жасырмайды. Олай болса, осыншалық қатал көрерменнің көңілінен шығу, екінші деңгейдегі актердің қолынан келмес еді. Бала әуелі жанды жолдастарымен емес, жансыз қуыршақпен сырласып, достасады. Адам есейеді, бірақ, тұңғыш қуыршағын ұмытпайды. Дос болу үлкен жауапкершілік, достаса білу – ұлы өнер. Ендеше қатал көрерменнің сүйікті
театры болу да оңай емес.
–Мұқағалидай «жүректің ақынын» тұңғыш рет, қуыршақтардың тілімен бүлдіршін жүрегіне жеткізген сізге, сіздің ұжымыңызға шығармашылықтың шыңын, сөзсіз, сынның шынын тілейміз. Биіктеріңіз аласармасын, ашық әңгімеңіз үшін рахметімізді айтамыз.
Сұхбатты жүзгізген
Қымбат-Ай ТОЙЛЫБАЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар