Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Атамекенім» – бағалы бастама - АРҚА АЖАРЫ

«Атамекенім» – бағалы бастама

Таяуда ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың қатысуымен өткізілген баспасөз мәслихатында бірқатар игі істер сөз болды. 

Мәслихатта төраға ұлттық палатаның бастамасымен «Атамекенім» акциясының бастау алғаны туралы хабарлады. Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріндегі бастамаларға қолдау көрсету. Сөз арасында акцияның ауқымды шара екендігін тұтас ел аумағында өткізілетіндігін айта кетуіміз керек.
Бұған дейін де «Туған жер», «Туған жерге тағзым» тақырыптарымен әртүрлі шаралар өткізілген болатын. Мақсат-мұраты бір арнада тоғысатын осындай шараларды мазмұндық тұрғыдан байытып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында «Атамекенім» акциясы ұйымдастырылып отыр.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен жүздесу барысында Абылай Мырзахметов қайырымдылықты ынталандырудың тетіктері туралы өз пайымдауын айтып берді. Мысалы, әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысқан кәсіпкерлер белгілі бір салық жеңілдіктерін пайдалана алады.
– Қолда бар ақпараттарды саралайтын болсақ, салық жеңілдіктерін пайдаланудың тиімділігі, қоғам дамуына әсері туралы мониторинг жүргізілмейді. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне қарағанда, қайырымдылық бойынша салық салудың жеңілдетілген жүйесін пайдаланған кәсіпорындардың саны 2015 жылы екі мыңға жеткен. Сөйтіп, салық салынатын табысты азайту көлемі шамамен алғанда 46 миллиард теңге болып отыр,–деді басқарма төрағасы.
Төраға сонымен бірге, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының игі бастамалары «Парыз» мемлекеттік сыйлығын бекіту, «Үздік әлеуметтік кәсіпкер» аталымы бойынша лайықтыларды анықтау туралы жұмыс жүргізіліп отырғанын айтып өтті. Ал, кәсіпкер Қайрат Құдайберген қайырымдылық жасауға жақын тұратын кәсіпкерлер туралы ақпараттарды жариялау көпшілікті игі істерге жұмылдыра түсетіндігін тілге тиек етті. Бірақ, кәсіпкерлердің көбі салық саласында белгілі бір артықшылыққа ие болатыны туралы біле бермейді. Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев ұлттық палата әзірлейтін әлеуметтік мәселелер тізімі жайлы кеңінен айтып берді. Оның айтуына қарағанда, өңірлер бойынша жеке-жеке сараланған мәселелерді кәсіпкерлердің көмегі арқылы шешуге болады. Тиісінше, кәсіпкер қандай да бір көмек бере отырып, салықтың артықшылықтарын пайдаланады. Көмекке немесе қолдауға мұқтаж азаматтар онлайн режиміндегі осы тізімге ену үшін өтінім беруге мүмкіндіктері бар. Ал, кәсіпкерлер болса, өтінім-тілектермен таныса алады.
Баспасөз мәжілісінде Абылай Мырзахметов ұлттық палата кәсіпкерлік негіздерін оқыту, жастардың қаржылық сауатын ашу мәселелеріне айрықша көңіл бөліп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, қайырымдылықпен айналысатын кәсіпкерлердің де тізімін дайындау туралы бастама көтерілді. «Атамекенім» акциясы аясында әлеуметтік желілерде жалпыға ортақ топтар ашылады. Бұл топтар кәсіпкерлердің басын қоспақ. Ізгі ниетті акция жыл соңында түйінделеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар