Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанда халықты емханаларға бекіту басталды - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанда халықты емханаларға бекіту басталды

Жыл сайын 15 қыркүйектен және 15 қарашаға дейінгі кезеңде елімізде халықты алғашқы медициналық санитарлық көмек  ұйымдарына бекіту қағидасы ауқымды түрде жүргізіледі. Бұл мерзімде әрбір азамат өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаға тіркелуі қажет.    

Азаматтың бір елді мекенде тұрып, ал, басқа мекен-жай бойынша тіркелгені талай туындайды. Көбінесе бұл елдің ішіндегі адамдардың көшіп-қону үдерісі салдарынан болады. Осындайда медициналық қызмет көрсетудің қиындықтары туындайтыны бар, өйткені, басқа медициналық ұйымға жүгінген кезде медициналық көмек ақылы түрде көрсетілуі мүмкін (шұғыл медициналық көмекті қоспағанда). Ал, медициналық мекемеге тұрғылықты жері бойынша тіркелген азаматқа мемлекеттің кепілді көлеміндегі тегін медициналық көмек көрсетіледі.
Кез келген Қазақстан Республикасының азаматы медициналық ұйымының біреуіне ғана бекітілетінін ескерту қажет, сонымен бірге, мекен-жайдың, жұмыстың, оқудың ауысуы немесе жазаны өтеу барысында, әскери борышты өтеуде, МСАК ұйымы қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда емхананы ауыс-
тыру қажеті туындайды.
Бұл үшін өтініш толтырып, жеке басын куәландыратын құжатпен (кәмелет жасқа толмағандарға туу туралы куәлік ) МСАК ұйымына жүгіну қажет. Отбасының әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсеткен кезде отбасы мүшелерінің біреуінің жазбаша келісімі бойынша өтініш негізінде отбасы мүшелерін бекітеді. Бұдан басқа МСАК ұйымдарына тіркелудің «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы баламалы жолы бар. Егерде сіз портал арқылы тіркелсеңіз, өтініш жазған кезде дәрігерді үйге шақыру мүмкіндігін де алдын ала ойластыру қажет. Емхананың орналасқан жері де маңызды емес. Дегенмен, емхананың жақын орналасқаны сізге және сіздің учаскелік дәрігеріңізге қолайлы екендігін ескергеніңіз абзал.
«Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылдың 30 маусымындағы №80-VI заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі 88 бабының 5 тармақшасында былай деп баяндалған: «Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде алуға құқығы бар. Егерде шетелдіктің тұру ыхтиярхаты болса, ол Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде бекіту қағидасына қатысуға мүмкіндік беріледі».
 
Нұрлан АҚЫЛБЕКОВ,
    «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар