Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бұл туралы кеше аппарат кеңесінде облыс әкімі Мәлік Мырзалин хабарлап, диқандарға, ауыл шаруашылығы саласының барлық қызметкерлеріне өз алғысын білдірді. - АРҚА АЖАРЫ

Бұл туралы кеше аппарат кеңесінде облыс әкімі Мәлік Мырзалин хабарлап, диқандарға, ауыл шаруашылығы саласының барлық қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Қазақстан бойынша Ақмола облысы ең ірі астықты өңірлердің бірі.  Егін орағы республикамыздың солтүстік өңірінде бірінші болып аяқталды.  Биылғы жылы 4,3 миллион гектар алқапқа дәнді дақылдар себіліп,  5 миллион тоннадан астам астық жиналды. 

Әр гектардың түсімі 11,85 центнерден айналды. Өз сөзінде облыс басшысы жиналған астықтың 87 пайызы үшінші класты екендігін, қазір өңірде майлы дақылдар мен көкөніс жинау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқандығын айтты.
Кеңес барысында облыс әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалған Қуаныш Бекбасовты таныс-тырды.  
Қ.Бекбасов 1971 жылғы. Жоғары білімді заң қызметкері. Әр жылдары ішкі істер органдарында, қаржы полициясы, прокуратура, жемқорлыққа қарсы   қызмет салаларында басшылық қызмет атқарған. Осы уақытқа дейін Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро  басшысының орынбасары болып еңбек еткен.  
Аппарат кеңесінде екі мәселе қарастырылды. Облыстың үстіміздегі жылдың сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Б.Мәлғаждаров баяндап берді. Баяндамашының айтуына қарағанда, облыс экономикасының барлық саласында ілгерілеп даму бар. Әсіресе, азық-түлік өндіру көлемі өскен. Нақты көлем индексі 117 пайызды құрап отыр. Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы көлемі 1,6 миллиард теңгені құрайтын екі жоба жүзеге асырылып, 190 жаңа жұмыс орындары құрылды. Целиноград ауданында «SAMHAT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылдық қуаты 500 мың дана аяқ киім дайындауға жететін өндірісті іске қосса, Степногорск қаласында «Инвест-РТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі минералды шикізаттан алтын өндіретін фабриканы пайдалануға берді. Кәсіпорынның қуаты – 108 мың тонна. Сондай-ақ, жалпы көлемі 93,7 миллиард теңгені құрайтын, жаңадан 929 жаңа тұрақты жұмыс орнын қалыптастыратын 5 жобаның жұмысы жүргізілуде.
–2017 жылы сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 8,9 миллиард теңге бөлінді. Қаржы 10 нысанның құрылысына, 10 нысанды қайта жарақтандыруға, 12 жоба бойынша  жобалық-сметалық құжаттар әзірлеуге, 2 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге және іздеу-барлау жұмыстарын атқаруға бағытталды,–деп атап өтті Б.Мәлғаждаров.
Облыс әкімі есепті баяндаманы тыңдай келе, өнеркәсіп және кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшыларына, аудандар мен қалалардың әкімдеріне үстіміздегі жылы өндіріс көлемін қамтамасыз етуге орай нақты тапсырмалар берді. Өңір басшысы басқа да мәселелерге назар аударды. Айталық, майлы дақылдарды уақытында жинап алу, мал бордақылау алаңдарының толық қуатында жұмыс істеуі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің қуатын арттыру, Астана қаласы маңындағы азық-түлік белдеуі шеңберіндегі инвестициялық жобаларды жоспарланған мерзім ішінде аяқтауды, сондай-ақ, бюджеттің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Аппарат кеңесінде денсаулық сақтау саласының мәселелері де талқыланды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар