Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қарттар үйі қасіретіміз - АРҚА АЖАРЫ

Қарттар үйі қасіретіміз

Заман жаңарып, санамызға жаһандану термині сіңе түскен сайын мың өліп, мың тірілген жансебіл ұлтымызды да сан қилы жағдаяттар кесе-көлденеңдей түсуде. Осы жолда арымыз таразы-талқы, намысымыз жалқы болып, ұлтымыздың бет-бейнесін сақтай аламыз ба? Өкінішіміз өтіп, ұлттық өрлеуге келіп саятын жақсы күніміз жетіп, біз де түптің түбі қазақи қалпымызды айнытпай, ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған салт-дәстүріміз, діл мен тіліміздің бекемдігімен іргелі ұлттар қатарынан көріне аламыз ба? Осының бәрі ел болып, әрқайсымыз болып, мықтап ден қоятын қоғамның  күретамыр мәселелері.  Осы аттас жаңа айдар сол жәйттерді тағы бір есімізге салып, бүгінгі кембағал тұстарымызға бойлата, осыдан жол табу парқы жайында ойланта түссе дейміз.

Ықылым замандардан ата-анасын, үлкендерін сыйлап өскен халықпыз. Біздің әдет-ғұрып, салтымызда, өлең-жырларымызда, халық ауыз әдебиеті үлгілерінде бұл құрметтің ізі  сайрап жатыр. Үлкенге, ата-анаға деген құрмет халықтық дәстүр мен жарасымды кірігіп кеткен  құран хадистерінде де тамаша айтылған. Халықта мынадай  сөздер бар: «Баланың бас сабағы, әкенің қас-қабағы», «Әке-шешең жынды болса да байлап бақ», «Анаңды Меккеге мың қайтара арқалап апарсаң да парызын атқара алмайсың».
Патшалық Ресей кезіндегі жағдайды айтпағанда, кешегі кеңестік кезде қазақ дәстүріне, салт-санасына орасан зор  шабуыл жасалды. Мұны ғылымда этномобилизациялық деформация немесе этноцид деп атайды. Бұрын өңіміз  түгіл, түсімізге де кіріп көрмеген жат әдет-ғұрыптар қатты белең алды. Құндылықтардың мәні өзгерді. Ұлттық  діл қатты әлсіреді. Ұлттық сана-сезім батыстық рухани экспансияның зор ықпалында. Міне, қазір осының зардабын тартып отырмыз. Құрсағында тоғыз ай сақтап, түн ұйқысын төрт бөліп  өсірген қайран ананы, асқар таудай  пана болған асыл әкені, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай әлпештеп өсірген абзал ата-ананы аты суық қарттар үйіне апарып тастау деген не деген сұмдық! Қазақ санасы, болмысы, ділі үшін ақылға сыйымсыз, естіп көрмеген сұмдық! Осылардың алдын алу үшін қоғамымызда  пәрменді имандылық тәрбие, рухани шаралардың көлемін ұлғайту қажет! Ұлттық сана-сезімді сауықтыру үшін қуатты регенерация (ұрпақты сауықтыру) қажет! Өзіміздің мұсылмандық, шығыстық, ұлттық топырағымызға оралуымыз қажет!

Сәбит ЖӘМБЕК,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры,
филология ғылымдарының кандидаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар